1 билет Онкологияны зерттеу пәні мен әдістері Ойылу және ойылудың алдын алу шаралары


Паллиативті көмектің негізгі мақсаты мен міндеттері



бет28/30
Дата18.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#102117
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
1. Паллиативті көмектің негізгі мақсаты мен міндеттері
2. Бауыр өт жолы ауруларының қатерлі ісігінде науқастарға мейіргерлік күтіім жүргізу
Жауап
1. Паллиативтік көмек бұл - мақсаты денсаулық сақтау ұйымы берген медициналық қорытындымен реттелген терминалдық сатыдағы сырқаты емделмейтін емделушілердің өмір сүру сапасын және жалпы жағдайын жақсарту үшін медициналық көмек және әлеуметтік көрсету.
Паллиативтік күтімнің негізгі мақсаты – емделушінің және науқас отбасының өмір сапалығын жақсарту.
Паллиативті көмектің негізгі міндеттері
1.Талапқа сай ауырсынуды басу және басқа физикалық симптомдарды тоқтату.
2. Науқастарға және оларға күтім жасап жүрген туыста- рына психологиялық қолдау көрсету.
3. Адамның өмір жолындағы қалыпты кезең ретінде өлімге деген қатынастарын қалыптастыру.
4. Науқастың және оның жақындарының рухани қажеттілігін қанағаттандыру
5. Әлеуметтік және заңды сұрақтарды шешу.
6. Медициналық биоэтика мәселелерін шешу болып табылады
2. Бауыр ауруларындағы мейірбикелік үрдіс
Бауыр – асқорыту ағзаларындағы ең үлкен без, оңжақ қабырғаның астында орналасқан, салмағы 1,5 – 2 кг. Бауыр оң және сол бөліктен тұрады. Олардың ортаңғы бөлігінде өт қалтасы орналасқан. Оның сыйымдылығы 50 мл. Бауыр ағзада бірнеше маңызды қызметтерді атқарады:
- қорғаныш қызметі - улы, жағымсыз дәрілерді ақуызбен байланыстырып, усыз түрге айналдырады;
- өт шығару қызметі - оның құрамында билирубин, холестерин, өт қышқылдары кальций, фосфор бар. Өт ас қорыту сөлінің бірі, ол ұлтабар сөлімен бірігіп майларды ыдыратады;
- осымен бірге басқа да зат алмасу дәрісіне қатысады. Әртүрлі химия серпілісі арқылы көмірсулар гликогенге айналады, ол керек кезде бауырдан глюкоза (қант) түрінде қанға түседі.
Нәруыздар әртүрлі ас қорыту сөлдерінің әсерінен ыдырап бауырға түседі. Бауырдың ақуыз алмасуындағы маңыздылығы – ағзаға қажетті альбуминнің, фибриногеннің түзілуін қамтамасыз етеді. Бауырда А,В,С,Д,Е витаминдері және ағзаның дұрыс жұмыс атқаруына керекті мөлшерде бірқатар микроэлементтер жиналады. Бауырда өтетін дәрістер жүйке жүйесі және әртүрлі гормондардың (адреналин, инсулин, гипофиз, бүйрек безі) қатысуымен өтеді.
Негізгі шағымдары:
Ø оң жақ қабырға астының ауырсынуы;
Ø терінің сарғаюы;
Ø қышыну;
Ø ішінің үлкеюі;
Ø диспепсиялық шағымдар;
Ø әлсіздік, шаршағыштық
Науқастың оңжақ қабырғасының астының ауыруы бауыр мен өт жолдарының қабынуында кездесіп отыратын негізгі белгі. Ауырсыну көбінесе бірте – бірте сезіледі. Егер оңжақ бүйірдің ауырғаны ойда – жоқта басталса, ол оттегі тастың қозғалуымен байланысты болуы мүмкін. Ал ауру басқа жұқпалы аурудан кейін басталса – ол өт қабының қабынуына байланысты болуы мүмкін. Егер науқас ауырған жер деп өттің тұсын көрсетсе, онда ол өт қапшығының қабынуына, ал бүкіл оң қабырғаның төменгі жағы ауырса, ол бауырдың қабынуына байланысты болғаны.
Өт қапшығы қабынғанда немесе ішіндегі тас қозғалғанда оқтын – оқтын шаншып, түйреп ауырады. Ал цирроз бен гепатит ауруларында бауыр тұсы, яғни оң жақ қабырғаның асты сыздап тіреп тұрғандай болып төмен тартып, ауырланып тұрады. Қатерлі ісікпен науқастанған адам ауруын бұдан да күштірек сезеді, бұл кезде бауырдың тұсы тынымсыз түйіліп ауырады. Бауырдың ауырсынуын тудыратын себеп: оның сыртындағы глиссон қапшығының кеңейіп, созылуына және өттің не өт жолдарының қысылып, қабынуына байланысты болады.
Бауыр ұстамасында мейірбикенің тәуелсіз кірісулері
Мейірбикенің мақсаты:Пациенттің аурусынуының біртіндеп басылуына көмектесу.
1. Дәрігерді шақырту
2. Құсық болған жағдайда пациентті шалқайтып немесе бір жақ қырына жатқызып, басын еңкейту.
3. Тыныштық жасау.
4. Жалпы жағдайын қадағалап отыру.
5. Дәрілерді дайындау.
6. Дәрігердің нұсқауы бойынша 5 мл баралгин бұлшық етке, 0,2% - платифиллин ертіндісін 1 мл тері астына жіберу.
23.2.Терісі қышынудағы мейірбикенің тәуелсіз кірісулері
Бауыр және өт жолдарының ауруларында дененің қышуы жиі байқалады. Қышудың себебі: науқастың қанындағы өт қышқылдарының көбеюіне байланысты. Қышыну кейде денесі сарғаймаған науқастарда да байқалады.
Пациентің жеке бастық гигиенасын бақылап отырыңыз. Төсек жабдықтары таза, құрғақ, қыртыссыз және түйіншексіз болуы керек. Ішектің жұмысын ұдайы бақылап отырыңыз. Зәрдің және нәжістің тоқтамауын емдеп алдын алып отырыңыз. Дәрігердің ңұсқауын орындау қажет. Терісін вазелин және тағыда басқа кремдерді жағу. Тәуліктік балансын өлшеу, жалпы жағдайын қадағалап отыру. Тесілудің алдын алуы.
28 билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет