1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)



бет61/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83
22. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.Қазақстанда орын алған жағдай елді қамтыған экономикалық және саяси дағдарысты танытты. Барлық жердегі сияқты, мұнда да шаруашылық саясаттың жаңа принципіне көшу қажеттігі көрінді, оның негізгі базарлық, тауарлық-ақшалай қатынасқа өту идеясы еді. РК(б)П Х съезі (1921ж.03) шаруашылық мүддесін іске қосу жүйесін жасау жолында шешуші шара қолданды, яғни жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. ЖЭС-тың мәні: азық-түлік салғырты азық-түлік салығымен ауыстырылып, еңбек міндеткерлігі жойылды, сауда жасауға, жерді жалға алу, жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат етілді. Кооперация мен шауашылық есепке еркіндік берілді. Бірақ бұл шара ЖЭС шеңберінде жүзге асырылып жатқан реформалар кешенін түгел қамти алмады. Салық саясатында шаруашылықтағы пәрменді өзгерістермен бірге, қаржыда, кредитте, ақша шаруашылығында, арендада, еңбек заңында, жер ісін реттеуде және әлеуметтік-экономикалық қатынастарда іс-шаралар жүргізілді. Бұл іс-шаралар ауыл шаруашылығының жайын жақсартуда әсер етті. 1925 ж. егіннің көлемі 3 млн га жақындады. Орал, Ақмола, Семей губернияларының астықты аудандарында егін түсімі 1913 ж. деңгейіне жетті. 1925 ж. 92 млн. пұт астық жиналды, бұл 1914ж сәл ғана кем болды. 1925 ж. мал саны 1922 ж салыстырғанда 2 есе өсіп, 26 млн басқа жетті. Сауда-саттық дамыды. 1926 ж Қазақстан территориясында 128 жәрмеңке болды. Жәрмеңке саудасының жалпы айналымы 20 млн. сомға жетті. Ойыл, Қуандық, Қарқара, Қоянды,Темір, Көкшетау, Атбасар жәрмеңкелерінің аты шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет