1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


«Туған жер» бағдарламасының маңызы мен мәні



бет83/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
90. «Туған жер» бағдарламасының маңызы мен мәні
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарық көріп, Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бағдарламалық құжат екендігі Қазақстан халқымен мақұлданды. Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен құндылықтарға негізделуін қадап айтқан еді. Бұл іргелі мақаланы халық Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдады. Бағдарламалық мақаланың халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне күмән болған жоқ. Нағыз ұлттық жаңғыру тек Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенде ғана, Елбасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде басталды деп айтуға толық негіз бар.Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған осы идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім болып табылды. Озық идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелді. Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берген болатын. Елбасы аталған мақалада жаңаша бастау алатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған. Нәтижесінде, еліміздің әрбір азаматы өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға ұмтылды. Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, ұлтжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдарламаның маңызы зор болды.
Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу-тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс-шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда. Ең бастысы – жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру еді. Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным-өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беру, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту және олардың ұстанымдарымен санасу. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті Елбасының «Туған жер» бағдарламасы – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұстаным болып табылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет