1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал. «Бекмаханов ісі»



бет2/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
31. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал. «Бекмаханов ісі».
Кеңес өкіметі мен КОКПОК 1954-1956 жылдары шамадан тыс орталықтандыруды жоюмен одақтас республиқалардың құқығын кеңейтуге бағытталған шаралардың тұтас кешенін жургізгенімен, қабылданған актілер жарияланған егемендікті іс жүзінде жоққа тән етті. Экономика мен саясат саласындағы ортақ бағытты белгілеу, мамандарды тағайындау мен алмастыру т.б. көптеген мәселелерді шешу аз ғана топтың қолында қалып қойды. Қоғамның құрылымы бұрынғыша «жоғарыдан-төмендегілерге» қағидасы бойынша әрекет етіп, адамдар жоғарыдан қабылданған шешімдерді ғана орындады. Көп ұзамай, саяси басқаша ойлауда қатал басыпжаныштала бастады. Қоғамдағы келеңсіздіктерді ашық көрсеткен адамдар қуғынға түсті. Алайда басқаша ойлаудың алдын алуды бұрынғы әдістермен жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сондықтан саяси айыптаулар неғұрлым «бүркемеленген» сипатта жүргізілді. Саяси қудалаудың мысалдары Қазақстанда да аз болған жоқ. Оған мысал - Шығыс Қазақстан облысындағы орыс тілі пәнінің мүғалімі, майдангер, жоғары білімді маман М.Елікбаевтың тағдыры. Ол Н.С.Хрущевтің атына хат жазып, онда адамның жеке басының құқықтарын бұзу, ұлттық саясат саласындағы бірқатар бұрмалаушылыктар, қазақ тілінде оқытатын мектептердің қысқартылуы т.б. өкімет орындары жүргізіп отырған саясаттағы оқылыктар жөнінде өз пікірлерін білдірді. Мемлекеттік кауіпсіздік комитеті мен Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық партия комитетінің қуғындау шараларынан кейін оны КОКП қатарынан шығарды. Одан өрі бағынбаған мұғалімді психиатриялық ауруханаға жапты, ол аштык жариялаған кезде, түтікше арқылы күштеп тамақтандырды. КСРО Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің деректері бойынша психиқалық емдеу жолымен елде 90 мыңнан астам «басқаша ойлайтындар» жазаланды. 50-жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалардың ешқайсысының күткен нәтижелерге жеткізбеген себебі жөнінде заңды сұрақ туындайды. Негізгі себептердің бірі-саясатта ғылыми негізделген болжамның жоқтығы. Н.С.Хрущев бастаған көптеген басшылардың саяси мөдениеті өте төменгі деңгейде болды, бұған биліктің өзін өсірген жүйемен тығыз байланысының әсері де тиді. Оқылықтарды жою мен өмір сүріп отырған тәртіптерді сақтауға сталиндік режимнің шектен шыққан құбылыстарын ғана жойып, кеңес адамдарының күш-қуатын жақын қалған коммунизм шептерін бағындыруға жұмсау женіндегі қиял да ықпал етті. Бұған Н.С.Хрущевтің социализмнің толық жеңісіне жетуін жариялап, «коммунистік коғам құрылысын кең келемде бастауды» ұсынған КОКП XXI съезінің (1959) шешімдері дәлел болады. Теориялық проблемаларға өрескел, жалған, тұрпайы көзқарас XXII съезде қабылданған КОКП-нің Үшінші бағдарламасынан да байқалады. Болъшевизм басшыларының утопиялық көзқарастары жөнінде өз уақытында Мустафа Шоқай, Смагул Сәдуақасов т.б. айтқан еді. Өкінішке карай Қазақстан Мәскеу шенеуніктері қабылдаған шешімдерден шыға алмады. Басталған саяси реформалар әкімшілдік жуйенің экономикалық базасын өзгерте алмады. 50-жылдардың басында дүние жүзі елдері бір-бірімен өте тығыз байланыста болды. Дүниежүзілік қауымдастық КСРО-мен, яғни оның құрамындағы Қазақстанмен де интеграциялык байланысқа түсті. Бүл кезде кеңес мемлекетінің сыртқы саясат саласындағы қызметі жаңа серпін алды. Халықаралық шиеленістін бәсеңдеуі КСРО-ның халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту ісінде біраз бастамалар кетеруіне жағдай жасады. Қазақстанның индустриялық дамуы, тың және тыңайған жерлерді игеру республиканың әлеуметтік-таптық құрылымында терең езгерістер болуымен қатар жүрді. Республикада құрамы жағынан күрделі болған жұмысшылар, шаруалар, зиялылар үлкен әлеуметтік топтары қалыптасты. Мұндай әлеуметтік құрылым Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтар мен ұлттарға тән болды. 50-жылдардағы Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. Мұнда қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, өзбектер, үйғырлар, татарлар өмір сүріп, еңбек етті. Көптеген еңбек ұжымдары құрамы жағынан көп ұлтты ұжымдарға айналды. Әр түрлі ұсак ұлттарға қатысты жіберілген әділетсіздік соңына дейін жойылған жоқ. 1954 жылдан 1962 жылға дейін тың көтеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн-дай адам келді. Сонымен бірге бұл жылдары жұмысшы күшін өнеркәсіптегі, құрылыстағы және транспорттағы (көліктегі) жұмыстарға тарту жөнінде кең келемді жүмыс жалғастырылды. 1954-1965 жылдары Қазақстан халқына 0,5 млн адам қосылды. Одан кейінгі мерзімде бұл бағыт жалғаса берді. Мұның бәрі жергілікті халық пен басқа халықтардың саны үлес салмағының арасындағы алшақтыққа әкелді. 1962 жылы қазақтар республика халқының 29%-ын құрады, ал 1897 жылы қазақ ұлты елдің 85%-ы еді. Бұл ұлттық мәдениет пен оның ерекшеліктерінің деңгейіне, ана тілінің жағдайына кері әсер етті.
1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді.
Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты.
Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті.
Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі.
Экономикалық жағдай соғыстан кейінгі. (На всякий случай)
Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов тагайындалды. Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді. Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал, жылқы, қой жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін көмек көрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және 350 мың қой жіберді.Кеңес өкімет өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа түсе бастады. Бұрын әскери өнім шығарып келген өнеркәсіп орындары күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта бейімделді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет