1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы. Оның мақсаты және жүзеге асырудыңнегізгі бағыттары



бет70/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   83
55.«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы. Оның мақсаты және жүзеге асырудыңнегізгі бағыттары
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды тапсырды.Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға яғни 2006жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең қосылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып табылады. Мұндай үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан. «Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы кезеңі (2004-2006 жылдарды қамтыды.Бұл кезеңнің мақсаты - Рухани және бiлiм беру саласын дамыту, eлдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету болса мiндеттерi - елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру; ; eлдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын қалпына келтiру мен қазiргi заманғы аудиотаспаларға көшiру болды. .
Бағдарламаның екінші кезеңінің 2007-2009 жылдарды қамтыды.
Бағдарламаның екінші кезеңінің мақсаты Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және қалпына келтіру ал мiндеттерi - Тарих және мәдениет ескерткіштерін, соның ішінде Қазақстан тарихына қатысты алыс және жақын шетелдердегі ескерткіштерді қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыру. Археологиялық зерттеулер жүргізу. Қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстарды одан әрі жалғастыру.
Бағдарламаның үшінші кезеңі 2009-2011 жылдарды қамтыды.
Бағдарламаның үшінші кезеңінің мақсаты рухани және білім беру салаларын дамытудың ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базасын одан әрі жетілдіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану тиімділігін арттыру мiндеттерi - тарихи-мәдени мұраны сақтап, одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
2004 жылы бағдарлама қабылданғалы бері 78 тарих пен мәдениет ескерткіштері қалпына келтірілді, олардың 28-і - 2008 бен 2011 жылдар арасында реставрацияланған яғни қалпына келтірілген. Екі ескерткіш ЮНЕСКО Әлемдік мәдени мұрасына кірді, олар Қожа Ахмет Яссауи Кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені. Ғылымға біздің ата-бабаларымыз тарихы туралы мәлімет беретін мыңдаған артефактілерге 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеулер жүргізілді. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі болды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды. 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кездеседі. Олардың ішінде «Бабалар сөзі», «Әлемдік философиялық мұра » сияқты қатарлар бар. Бірнеше жыл ішінде кі мұражай-қорық Алматы облысындағы Есік және Шығыс Қазақстан облысындағы Берел - мұражай-қорық жасалған. «Казахфильм» ұлттық мәдени мұрасы мен аса маңызды тарихи орындар туралы 20 деректі фильм түсірді. Бұл фильмдер «Мәдени мұра» «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі түркістанның сәулет ескерткіштері», «Жүсіп ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» және басқалар циклындағы деректі фильмдер. Қазақтың дәстүрлі әндері мен мәдениет үлгілерін жүйелендіру бойынша масштабты жұмыс жасалды. «Қазақтың дәстүрлі мың күйі» және «Қазақтың дәстүрлі мың әні» бірегей жобалары жүзеге асырылды. Ең бастысы Бағдарламаны жүзеге асыру барысында тарихи-мәдени мұраны танымалдандыру мен сақтап қалу, ғылымды жаңа деңгейге көтеруде бағалы тәжірибе алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет