1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


Президенттің Қазақстан Халқына алғашқы Жолдауы. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты



бет72/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   83
56. Президенттің Қазақстан Халқына алғашқы Жолдауы. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
2014 жылы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдау жариялады. Жолдау "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" деп аталады. Ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.  Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандықтардың ұлттық идеясы. Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың асыл арманы. Бір мақсат - бұл "Мәңгілік Елді" нығайту,біздің Отанымыз -Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту.Бір мүдде - бұл біздің ортақ құндылықтарымыз,еркін және өркендеген елде өмір сүру.Бір болашақ - бұл Мәңгілік елдің біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасының өркендеуі. Қазақстанның басты мақсаты - дамыған 30 елінің қатарына кіру. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуға ұмтылысымызды біз екі кезеңде жүзеге асыруымыз қажет деп атап көрсетті.
Бірінші кезең XXI ғасырдағы «мүмкіндіктер көзін» пайдалана отырып, жаңғыру серпілісін жасау қажет болатын 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Қазақстан осы уақыт ішінде дамыған елдердің өткен жүзжылдықтағы индустриялық дүмпу кезінде жасағанын жүзеге асыруы қажет. Бұл кезеңде біз экономикамыздың дәстүрлі салаларының қарқынды өсімін қамтамасыз етіп, қуатты индустриялық өңдеуші сектор құрамыз деді.
Екінші кезең 2030 – 2050 жылдар аралығында еліміздің ғылыми қамтиды және жасыл экономика қағидаттарына негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету қажет. Біз қуатты өңдеуші өнеркәсіп қалыптастырамыз. Дәстүрлі салаларда жоғары өңделген өнімдер шығаруға көшу жүзеге асырылып, ғылыми қамтымды экономиканың базасы ретінде инжинирингтік қызметтерді дамытамыз деді.
Қазақстанда ЭЫДҰ-ның (Экономикалық ынтымақтастық және ламу ұйымы ) бірқатар қағидаттары мен стандарттарын енгізу жөнінде міндетін қойды. Экономикада ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімін 4 пайыздан кем етпеу жоспарланды. Инвестиция көлемін қазіргі 18 пайыздан бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 пайызына дейін ұлғайту керек екендігі көрсетілді. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болатынды атап көрсетілді. Еңбек өнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек.
Қазақстан халық құрылымында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге дейін өседі. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады.
Саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады. Қазақстан медициналық туризмнің жетекші еуразиялық орталықтарының біріне айналады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құруаяқталады.
Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі болады деп атап көрсетілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет