Химия кабинетіндегі оқытушы мен студенттің жұмыс орны.
Көрнекі көрсету үстелі - сыныптың алдыңғы жағында, оқушылар үстелінеқарама-қарсы бағытта 15-20 см биіктікте орналасады.Универсалды көрнекі көрсету үстелі екі бөліктен тұрады. Сол жақ бөлігіндемұғалім сабақ барысында табиғи обьектілерді, макеттерді, жинақтамалардыкөрсетумен қатар, әр түрлі тәжірибелерді көрсетеді.Оң жақ бөлігі - мұғалімнің үстелі. Көрнекі көрсету үстелінде эксперименттіктәжірибелер көрсетіледі. Осы үстелдің астыңғы жағында екі тумба орналасады,оның сол жағында тумбада газ, су құбырлары шоғырланады да, ал оң жақбөлігіндегі тумбаға төрт жәшік қойылады. Жәшіктерде әр түрлі ұстағыш,кескіш, қысқыш, салғыш т.б. құралдар, ыдыстар, қарапайым құралдардың бөлшектері, сондай-ақ сабақ кезінде жиі пайдаланылатын қажетті заттарболады. Қажетті заттарды мынадай сызбанұсқа бойынша жәшіктергеорналастырады: 1-жәшікке эксперимент жүргізуге қажетті құралдардықұрастыратын әр түрлі бөлшектер; 2-жәшікке алмасу реакцияларын көрсететіныдыстар; 3-жәшікке заттарды алуға, жинауға, газдарды тазалауға арналғанөлшеуіш ыдыстар мен құралдар; 4-жәшікке тәжірибелердің көрнекілігнарттыратын түрлі-түсті қалқандар, аппликациялық материалдар, магниттітақталар қойылады.
Көрнекі көрсету үстелінің ең төменгі препараторлық бөлігіне арнаулы
астаушаларға салынған ең қажетті реактивтер қойылады. Препараторлық
бөлімде проекциялық апарат, графопроектор, т.б. техникалық құралдар болады.Көрнекі көрсету үстелінде мұғалім сабақ барысында табиғи обьектілерді,макеттерді, жинақтамаларды көрсетумен қатар, әр түрлі тәжірибелерді деорындайды. Ол сыныптың алдыңғы жағында, оқушылар үстеліне қарама-қарсыбағытта 15-20 см биіктікте орналастырады. Оның маңында тартпа шкаф, суқұбыры, заттар салатын шкаф, сөрелер, электр жүйесі, қондырғылар,реактивтер сақтайтын шкафтар болады, сондай-ақ бұл жерде сынып тақтасы,химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесінің кестесі,техникалық оқыту құралдарының экраны мен басқару пульті орналасады.Осылардың бәрі мұғалімнің жұмыс орны деп аталады.Класс тақташасының да бірнеше түрі қолданылады. Ең көп тараған түрі -жақтаулы класс тақтасы. Ол ортаңғы негізгі бөліктен және қайрылатын 2 шетті шиттен тұрады.
Ескеретін жай: Мектеп тақтасы мен демонстрациялық үстел арасындағы 1м, ал демонстрациялық үстел мен бірінші партаныңҚашықтықарақашықтығы -0,8 м.Көрнекі көрсету үстелінің бір жағында екі көтермелі жақтауы бар тартпашкаф орналастырылады. Қазіргі кезде тұрақты тартпа шкафтың бірнешетүрлері бар, олар: көрнекі көрсететін стационарлы - ККС, көрнекі көрсететінқозғалмалы - ККҚ, көрнекі көрсететін үстел үстілік - ККҮҮ, зертханалық стационарлы - ЗС және зертханалық үстелге қоятын ЗҮҚ.
Тартпа шкафтың құрылысына қарай ені мен биіктігі әр түрлі болады. Ол
норматив құжаттарында көрсетілген. Тартпа шкафтың төменгі жағы сөрелерібар екі бөлімнен тұрады. Бір бөлімі зертханалық тәжірибелерге жәнесарамандық сабақтарға керекті қышқылдар, сілтілер, күйдіргіш реактивтерсақтауға пайдаланылады. Екінші бөлімде әр түрлі банкалар, кішкентай шынысауыттар (склянкалар) сақталады. Тартпа шкафтың астыңғы жағы темірштативтерді сақтауға қолайлы. Сынып-зертхана бөлмесінің алды мен артына,жанына қойылған шкафтар ретіне қарай әр түрлі мақсатта пайдаланылады.
Студенттің жұмыс орны
Тәжірибелер мен синтездер зертханалық үстелдермен және сорғыш шкафтармен жабдықталған студенттік химия зертханасында жүргізіледі. Практикумның барлық кезеңінде студентке тұрақты жұмыс орны беріледі, оны ол қолдайды зертханалық үстелдермен және тартпалы шкафтармен жабдықталған студенттік химиялық зертханада өткізіледі. Практикумның бүкіл кезеңіне
ал студентке тұрақты жұмыс орны беріледі, ол оны таза және ұқыпты ұстайды. Жұмыс үстелінде ағымдағы жұмысты орындау үшін қажет заттар ғана болуы мүмкін.
Химиялық зертханадағы жұмысқа қауіпсіздік техникасы бойынша толық нұсқамадан өткен студенттер жіберіледі, бұл арнайы журналға тиісті жазбамен ресімделеді және студенттер мен нұсқаманы жүргізген адамдардың қолдарымен бекітіледі.
Химиялық зертханада жұмыс істеу кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:
1. Химиялық зертханаға оқытушысыз немесе лобарантсыз кіруге болмайды.
2. Зертханада жұмыс істеуге тек мақтадан жасалған жұмыс халатында ғана рұқсат етіледі
3. Химиялық зертханада тамақ ішуге және азық-түлікті сақтауға тыйым салынады.
4. Зертханада жұмыс істеу кезінде кемінде екі адам болуы тиіс. Оқытушы немесе зертханашы болмаған жағдайда студенттердің жұмысына қатаң тыйым салынады.
5. Барлық жұмыстарды студент жеке орындайды.
6. Зертханада оқу тапсырмаларын орындаумен тікелей байланысты емес қандай да бір жұмыстарды жүргізуге болмайды.
7. Жұмыс кезінде тыныштықты сақтау, реактивтерді, электр энергиясын үнемдеу, жабдыққа, жиһазға, ыдыс-аяққа ұқыпты қарау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |