Теория мен практиканың байланысын жүзеге асыруды ықпал ету;
Оқушыларды құрал – жабдықтармен таныстыру,оларға жұмыс істеу принциптерін үйрету, қазіргі заманғы техникамен,техникалық оқыту құралдарымен жұмыс істей білу дағдысын үйрету ;
Ғылыми эксперименттерді жүргізу әдістерін, эксперименттік мәліметтерді жинақтап оны өңдей білу әдістеріне үйрету;
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдысын, өз беттерімен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық әрекеттерін белсендіру.
Зертханалық сабақтар төмендегідей формада ұйымдастырылады: фронтальды (барлық оқушылар бір тақырып бойынша бір жұмысты бірге орындайды) немесе, әртүрлі жұмыстар тәсілімен (бір сабақта оқушылар әр түрлі жұмыстар орындайды).
Зертханалық сабақтар өзінің міндеттері бойынша бірнеше категорияларға бөлінеді:
а) кіріспе немесе таныстыру сабақты химия,физика пәндері бойынша жүргізіледі. Мақсаты оқушыларды эксперимент техникасымен танысу эксперименттік мәліметтерді өңдеу және жуықтау теориясымен, жиі кездесетін құрал-жабдықтардың құрлысымен жұмыс істеу принциптерімен танысу;
б) тереңдетілен практикумдар жалпы курста игерілген және жинақталған тәжірибелер арнайы курстарды өтуде және ғылыми зерттеулерді жүргізудегі ауыспалы кезеңі болып табылады ;
в) арнайы пәндер бойынша практикумдар мамандарды даярлаудың белгілі бір ғылым аймағындағы ғылыми эксперименттік зерттеулерді жүргізу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін соңғы кезеңі болып табылады .
10.4С «Бір атомды, көп атомды спирттер» (10-сынып) бөліміне сәйкес эксперименттік сипаттағы тәжірибеге бағытталған тапсырманы көрсетіңіз.
№8-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Спирттердің суда ергіштігі, жануы, біратомды және көпатомды
спирттерге сапалық реакциялар Реактивтер: этанол; бутанол-1; су; натрий гидроксидінің 10%-дық,
мыс (ІІ) сульфатының 3%-дық ерітінділері; фуксин ерітіндісі.
Химиялық ыдыстар мен мен құрал-жабдықтар:
•сынауықтар;
•сынауыққа арналған тұрғы;
•кәрлен табақша, сіріңке;
•шыра.