Зертханалық тәжірибелерді қою.
Зертханалық тәжірибелер - мұғалімнің бақылауымен оқушылар өз бетінше орындайтын жұмыс түрі. Зертханалық тәжірибелер жаңа материалды толық ұғыну үшін, теориялық білімді практика жүзінде жасап көріп толық және нақты, дәлелді білім алу үшін сабақтың кез-келген ыңғайлы бөлігінде жасалатын тәжірибе түрі.
Зертханалық тәжірибелерді жүргізуге төмендегідей талаптар қойылады:
оқушы жұмыстың мақсатын, міндетін және оның орындалу ретін толық түсінуі керек;
жұмысқа қандай реактивтер қанша мөлшерде қажет және олардың концентрацияларын да білулері керек;
жұмысқа қажет құрал-жабдықтар жиынтығын және әрбір құралдың қандай роль атқаратындығын білулері керек;
жұмыс жоспарын алдын-ала құрып, қажетті реакция теңдеулерін жазып, қажет болса қондырғының суретін салып, жұмыс барысында қандай техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек екендігін қайталап, дайындалып келулері керек;
сабақтың алдында мұғалім әрбір оқушының зертханалық жұмысқа дайындығын толық тексергеннен кейін ғана жұмыс жасауға рұқсат береді;
жұмыс жоспар бойынша ретпен орындалуы керек, мүмкіндік болса әрбір оқушы жеке орындағаны, тіпті екі оқушы бірігіп орындағандары дұрыс;
бастысы физика-химиялық құбылыстардың ең маңызды сәттерін байқай білулері керек;
байқаған, бақылағандарын дәптерге түсіріп, талдау жасап, салыстырып, қорытынды жазулары керек.
Практикалық сабақтарды қою.
Зертханалық тәжірибелерге қарағанда практикалық жұмыс оқушылардан өз бетінше жұмыс жасауды көбірек талап етеді, яғни оқушылар үйден алдын – ала дайындалып келуі керек: жұмыстың мақсатымен, мазмүнымен, оны орындау ретімен үйде танысады, конспектілейді, жұмыс жасау жоспарын құрады. Оған қоса жұмысқа тікелей қатысы бартеориялық материалды қайталайды. Ол жұмысты түсініп істеуге үлкен септігін тигізеді. Практикалық жұмысты оқушы өз бетімен жасайтын болғандықтан оның жауапкершілігі, жинақылығы, тіпті тәртібі артады. Нәтижесінде дағды қалыптасып, пәндік құзыреттілік пайда болады.
Практикалық сабақтардың негізгі сипаттары келесідей:
Практикалық сабақтар өтіліп жатқан курспен тығыз байланыста өткізілуі тиіс. Практикалық сабақтардың негізгі оқу курсынан қалып кетуін қалыпты жағдай деп есептемеу керек.
Практикалық сабақ үшін жалпы оқу жоспары ішінен арнайы сағаттар бөлінуі керек.
Көпшілік жағдайда практикалық сабақтар оқушылар материалды өтіп болғаннан кейін жүргізіледі. Оқушының зертханалық сабақтағы экспреименттік жұмысынан практикалық сабақтың айырмашылығы да осында.
Практикалық сабаққа оқушы алдын ала дайындалып баруы керек.: оқушы жұмысқа қарасты барлық жағдайларды білуі тиіс. Дайындық жұмыс кезінде бақыланатын құбылыстар мен химиялық процестерге, жасалуы керек шаралардың техникасына және жағдайға сәйкес болжамдарға бағытталуы керек.
Практикалық сабақтар жеке – жеке жүргізілуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана ол мақсатқа жетеді. Бұл жағдайда ешқандай әдістемелерде қарсылық жоқ.
Зертханада оқушы сарамандық жұмысының жұмыс дағдысы мен жеке жұмыс жасауға үйренумен қатар, ол кейбір жағдайларда өзінің болжамын да ұсына алады.
Барлық тәжірибелер жеке басқарушылықпен немесе оқулықта көрсетілгендей нұсқаулықтар бойынша орындалады .
Нұсқаулықтар оқушылардың химиядан жалпы дайындықтарын,сарамандық жұмыстың техникасын меңгере білу дәрежесіне және жас ерекшеліктерін ескеру тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |