Мектептегі химия кабинеті және оның мақсаты.
Химия кабинеті мұғалімнің оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін және оның нәтижелерін қорытындылайтын орын. Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі өтуі, химия кабинетінің материалдық-техникалық базасына, оқу жабдықтарына тікелей байланысты.
Химия бөлмесі және лаборант бөлмесіне қойылатын
талаптар
1. Химия кабинеті мектептің жоғарғы қабатына орналастыру керек. Терезе онтүстік- батыс жаққа қарайды.
2. Кабинеттің ауданы 66 м2 , лаборант бөлмесі 15 м2, биіктігі 3,3м2 болуы керек.
3. Лаборант бөлмесі сыныптың тақта жағынан есік арқылы орналасуы керек
5. Химия кабинеті мен лаборант бөлмесі жарық, жылы болуы керек.
6. Зертханалық үстелдің биіктігі 750-800мм, ені 550мм, ұзындығы екі орындықтың 1600мм, үш орындықтың 2400мм.
7.Лабораториялық үстелдің демонстрациялық үстелдің арақашықтығы
800 мм.
9. Ең ақырғы отыратын оқушының партасы тақтадан 10 м қашықта орналасуы керек.
10. Кабинетте ыстық және суық су тартылған раковина болуы керек.
Кабинет жарықтығы.
Кабинет жарықпен дұрыс қамтамасыз етілмесе, әр түрлі оқиғалардың негізгі себебінің бірі болады. Cондықтан кабинет жарықпен дұрыс қамтамасыз етілуі керек.
Берілетін жарық мына стандартқа сәйкес болу керек:
СИИП ІІ –А-8-72 коэффиценті І 2%.
Барлық химиялық заттар үшін сипаттамалар
1. Ерекше белгі графа 2, егер мұнда «Х» белгісі тұрса, типтік тізбеде қаралған формалар , затты мұғалім ғана қолданады. Егер бұл графада «ХХ» белгісі тұрса, бұл зат аз дозада болғанмен физиологиялық аса секемшіл, өртену қаупі бар зат. Зат әуелгі қалпында оқушыларға берілмейді.
Егер, ерекше белгісі қойылмаса зат қауіпсіздігі жоқ, шектелмей қолдана беріледі.
2. 3 графа –заттарды сақтау топтары:
«1» - жарылғыш заттар
«2» - суға тисе атылғыш заттар
Достарыңызбен бөлісу: |