1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері


С «Ерітінділер және ерігіштік» (8сынып) бөліміне сәйкес эксперименттік сипаттағы тәжірибеге бағытталған тапсырманы көрсетіңіз



бет8/65
Дата28.12.2023
өлшемі360,43 Kb.
#144510
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65
Байланысты:
1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында-emirsaba.org

8.3С «Ерітінділер және ерігіштік» (8сынып) бөліміне сәйкес эксперименттік сипаттағы тәжірибеге бағытталған тапсырманы көрсетіңіз.

№5. практикалық жұмыс Пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау


Реактивтер: қант (шекер) – C12H22O11, Ас тұзы – NaCl, Дистилденген су
Химиялық құрал-жабдықтар: 250 мл-лік стақан, 50 мл-лік өлшеуіш колба, шыны таяқша, техникалық немесе электрондық таразы, цилиндр, ареометр
1-тәжірибе
Тапсырма.Массасы 150 г 5%-дық қант ерітіндісін дайындау.
Жұмыстың барысы
1. Көрсетілген ерітіндіні әзірлеуге қанша қант қажет екендігін есептеңдер.
2. Қанттың осы массасын алдын ала өлшенген стақанда техникалық (электрондық) таразыда өлшеп алыңдар.
3. Алынған үлгіні ерітуге қажетті судың массасын есептеңдер.
4. Өлшеуіш цилиндрмен судың қажетті көлемін өлшеп алыңдар.
5. Суды стақанға құйып, оған өлшеніп алынған қантты араластыра отырып (шыны таяқшамен) ерітіңдер.
6. Дайындалған ерітіндіні биік, құрғақ, жіңішке цилиндрге құйып, ареометрді қолданып, ерітіндінің тығыздығын анықтаңдар.

2-тәжірибе


Тапсырма. Ас тұзының молярлық концентрациясы 0,25 моль/л 250 мл ерітіндісін даярлауға қажетті тұздың массасын есептеңдер.

Жұмыстың барысы


1. Ас тұзының концентрациясы 0,25 моль/л 250 мл ерітіндісін дайындауға қажетті тұздың массасын есептеңдер.
2. Алдын ала өлшенген стақанда тұздың осы массасын электрондық таразыда өлшеп алыңдар.
3. Өлшенген тұзды құйғыны қолданып 250 миллилитрлік өлшеуіш колбаға салып, стақанда қалған тұзды дистилденген сумен мұқият шайыңдар.
4. Колбаға аздаған дистилденген су құйып алып, оны шайқап ерітіңдер, суды белгісіне дейін жеткізіп қосыңдар, тығын мен колбаны жауып, жақсылап араластырыңдар.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қай концентрация дәлірек деп ойлайсыңдар, неліктен?
2. Судың тығыздығы қандай? Судағы ерітіндінің тығыздығы судыкінен аз болуы мүмкін бе? «
3.Егер адамның қанының құрамындағы тұз 1% болса, 5,25 кг қанда қанша тұз болғаны?
4. Зат мөлшері 0,2 моль Na2SO4, 500 мл суда ерігенде түзілген ерітіндінің концентрациясын есептеңдер.
5. Калий хлоридінің 50°С-дағы ерігіштігі 20 г/100 г су болса, 300 г ерітінді әзірлеу үшін қанша зат және қанша су керек?
6. Ерігіштік қисығын пайдаланып 70°С-да барий нитратының қанық ерітіндісін дайындау үшін 500 г суда қанша зат еріту керек екенін есептеңдер.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет