Белоктарды (11 сынып) зерттеуде 11.2В «Тіршілік химиясы» бөліміне сәйкес эксперименттік сипаттағы тәжірибеге бағытталған тапсырманы көрсетіңіз. (11 сынып).
Сабақ тақырыбы:Полипептидтер құрылымын анықтау. Практикалық жұмыс №1 "Денатурация және ақуыздардың түсті реакциялары
Практикалық жұмыс №1 «Денатурация және ақуыздардың түсті реакциялары»
Құрал – жабдықтар мен реактивтер: нәруыз ерітіндісі, тұз қышқылы, азот қышқылы, күкірт қышқылы, мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісі, натрий гидроксидінің 10 % ерітіндісі
Жұмыс барысы:
1-тапсырма
Биурет реакциясы Сынауыққа 5 тамшы жұмыртқа ақуызы ерітіндісін, содан кейін 10% сілті ерітіндісінің 10 тамшысын құйыңыз. 1-2 тамшы мыс сульфаты ерітіндісін қосып, қоспаны араластырыңыз. Қызыл-күлгін бояу пайда болады.
2-тапсырма
Ксантопротеин реакциясы Сынауыққа 5 тамшы жұмыртқа ақуызы ерітіндісін құйыңыз және сынауық қабырғасымен мұқият 3-4 тамшы концентрлі азот қышқылын қосыңыз. Қоспаны абайлап қыздырыңыз. Сары түсті тұнба түседі. Салқындағаннан кейін сынауыққа 10 тамшы NaOH 30% ерітіндісін абайлап қосыңыз, сары бояу қызғылт сары түске ауысады.
3- тапсырма
Құрамында күкірті бар амин қышқылдарына реакция (Фоль реакциясы). Сынауыққа 5 тамшы жұмыртқа ақуызы ерітіндісін, 5 тамшы 30% сілті ерітіндісін және 2 тамшы қорғасын ацетаты ерітіндісін араластырыңыз. Қоспаны спиртшаммен қайнағанға дейін абайлап қыздырыңыз және қайнатыңыз. Біраз уақыттан кейін қоңыр-қара немесе қара бояу пайда болады.
4- тапсырма
Нингидриндік реакция. Сынауыққа жұмыртқа ақуызының 5 тамшысы енгізеді, 3 тамшыдан 0,5 %-дық нингидрин ерітіндісін қосады және қайнағанға дейін қыздырады. 2-3 минуттан кейін қызғылт, қызыл, содан кейін көк-күлгін бояу пайда болады.