1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері


Химия сабағының құрылымындағы демонстрациялық тәжірибенің орны. Химияны оқытуда демонстрациялық тәжірибені пайдалану



бет23/101
Дата31.12.2021
өлшемі8,76 Mb.
#23537
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   101
Байланысты:
Экзамен жауаптар 2021 МПШХЭ (копия)

Химия сабағының құрылымындағы демонстрациялық тәжірибенің орны. Химияны оқытуда демонстрациялық тәжірибені пайдалану.

Көрнекі тәжірибе (демонстрациялық эксперимент) . Демонстрациялық эксперимент– химияны,сондай-ақ тағы да басқа жаратылыстық ғылымдарды (биология,география,т.б) оқытудағы бірінші әдістің бірі. Алғашында жоғары оқу орындарында қолданылатын демонстрациялық эксперимент ғылыми докладтарда, конференцияларда, үлкен лекцияларда кең қолданыла бастады. Уақыт өте келе демонстрациялық эксперимент мектептерде де ене бастады. Бұрынырақта демонстрациялық эксперимент – сыныптық эксперимент терминімен алмасып келген.

«Демонстрация» термині көрнекі – элюстративті әдістерде қолданылады. Мысалы, минерал,заттардың коллекциясын,моделін,суретін,схема,диограмма тағы да басқалары тәрізді көрсету. Бірақ мұндай демонстарцияларды жасанды құбылысқа негізделген демонстарциялық экспериментпен шатастыруға болмайды.

Демонстрациялық эксперимент – оқушыларға жаңа материалды түсіндіру үшін сынып ішінде тек қана мұғалімнің қатысуымен жүргізіледі.

Оқушылардың назары тәжірибенің орындалуына,оның нәтижелерін бақылауға аударылады. Мұғалім тәжірибені демонстрациялаумен қатар,құбылыстарды түсіндіріп отырса,оқушылар да материалға жеңіл қарап,салғырттық танытпайды. Осылайша мұғалім оқушылардың назарын тікелей тәжірибеге бағыттап,құбылыстарды түсіндірмелер арқылы бақылауға уйретеді.

Бұл жағдайда мұғалімнің іс-әрекеттері сиқырлы манипуляция ретінде емес,онсыз тәжірибе жүруі мүмкін болмайтын қажеттілік ретінде қабылданады. Зертханалық тәжірибемен салыстырғанда демонстрациялық тәжірибеде бақылау – жоғары ұйымдастырылған түрде болады. Бірақ,демонстрациялық тәжірибе біліктілік пен білімділіктің жетік дамуына үлес қоспайды,ол үшін зертханалық тәжірибемен,сарамандық жұмыстармен және эксперименттік тапсырмалармен толықтырылуы керек.

Демонстрациялық эксперимент қандай негізге сүйеніп және қандай жағдайларда жүргізіледі?

Бұндай жағдайлар көп,әрі түрлі болып келеді:

- экспериментті қою кезінде оқушыларға қажетті мөлшерде құрылғылар жетіспесе

- тәжірибе өте күрделі,оқушылар оны өздігінен жасай алмайтын жағдайда

- берілген тәжірибені орындау үшін оқушылар қажетті техниканы меңгере алмаса

- тәжірибені жасау реактивтің аз мөлшерімен жүргізіледі немесе кішігірім масштабта қажетті нәтижені алу мүмкін болмаса

- тәжірибе қауіпті болса ( сілтілік металдармен жұмыс,электр тогының қатысымен болатын жұмыстар,тағы да басқалары )

- сабақта жұмысжасау деңгейін көтеру үшін.

Демонстрациялық эксперименттің негізгі мақсатының бірі оқушыларда мұғалімнің іс-әрекетіне еліктеуге деген ықыласын туғызу.

Әрине,бір көрсетіліммен оқушылардың олармен жұмыс істей алу қабілетін арттыру мүмкін емес,бірақ,оқушы өзінің кемшілігін түсінеді,осылайша ол мұғалімнің демонстрациясына көңіл бөлуге ықылас танытады. Мұғалімның іс-әрекетіне үнемі мән беріп бақылап отырса,келесі сабақтарда өз бетінше жұмысты атқара алуы оңайырақ болады. Сонымен қатар,оқушы үнемі мұғалімнің іс-әрекетіне еліктеп сабақ алып отырғандықтан,оқушылардың алдында ұқыптылық танытып,уақытты үнемдеп,нәтижені ойдағыдай етіп алынуы мүмкін тәжірибелерді жасау керек.

Қиын эксперименттерді жасауда,кейбір оқушылардың қолына беруге болмайтын реагенттер бар тәжірибе,кей мектептерде барлық жоспарланған тәжірибелерді орындауға мүмкіндік беретін құрылғылр жеткіліксіз және оқу жылының басында,оқушыларда эксперименттік техникалық мүмкіншіліктері дағдыланбаған жағдайларда – демонстрациялық эксперимент қойылады. Тіпті, Либих тоңазытқышы арқылы суды айдау,аммиакты еріту кезінде фонтан алу,тағы да басқалары осы демонстрациялық тәжірибе арқылы жүргізіледі.

Күрделі тәжірибелердің көбісі органикалық химия курсында кездеседі. Оқушылар арасындағы күрделі эксперименттің ролі ерекше,себебі зертханаға кірген бойда мұғалімнің демонстрациялық стөлінде орналасқан алуан түрлі реагенттер мен құрылғы, материалдарды байқаған оқушыда қызығушылық оянады.

Қорыта келгенде,қарастырылып отырған эксперименттің күрделілігі мен оқушыларға өздігінен орындау мүмкіншілігі жоқ жағдайда демонстрациялық экспериментті қолданудың өте тиімділігі байқалады.

Демонстрациялық экспериментті қоюдaғы тағы бір жағдайы – «қауіпті тәжірибелерді» орындауда.

Айта кететін жағдай,мектептегі химия курсында қауіптілігі белгілі,арнайы қауіпті деп танылған эксперимент қарастырылмаған. «Қауіпті» және «Күрделі» тәжірибе түсінігі мұғалім мен оқушылардың эксперимент техникасын меңгере білулеріне және эксперименттік техникалық қабілеттері болуына байланысты.

Демонстрациялық тәжірибелердің келесі тобын –оқушыларға өздігінен орындатуға да болады. Бірақ материалды жақсы түсінуі,құбылыстардың қасиетін жетік түсінуі үшін мұғалім демонстрациялық эксперимент қояды. Мысалы, жеке немесе топ болып сынауықта оттекті алуды және сол оттекпен кейбір тәжірибелерді оқушы орындай алады. Бұл жерде мұғалім оттегін көп мөлшерде алып,оттегімен газометрді толтырады,сәйкесінше оттегінде түрлі заттарды- металл,бейметалдарды жағады да өнімдерді зерттейді.

Сонымен қатар, психологтардың және тәжірибелі мамандардың бақылауы бойынша сабақтың жылдам өтілу темпі оқушылардың қабылдауына кері әсер ететіндігін көрсеткен, оқушылардың зейіндері жан- жақты болып, ойларын жинақтауы төмендейді.

Сондықтан, барлық курсты тек бір ғана эксперимент кезінде көрсетіп кетуге болмайды: оқу планы бойынша осы курсқа бөлінген уақыт оқушыларға пәнді меңгеруге қажетті экспеиментті түсіндірулеріне мүмкіндік бермейді.

Тәжірибені орындау реактивтердің аз мөлшерінде жүргізілетін болса, немесе күтілген нәтижелерді берс\месе, я тіпті реакция жүрмеген жағдайда демонстрациялық эксперимент қойылады.



өнім алынатын тәжірибелер, мысалы, егер нәтижесінде кішкене металл бөлінгін алу мақсаты қойылған болса, алюмотермиялық реакцияларды сынауықта жүргізуге болмайды. Жанып жатқан бензинді өшіру үшін жеткілікті мөлшерде газ болу керек, күкіртті газды жағу үшін де белгілі мөлшерде ғана газ алу керек. Міне осындай жағдайлардың бәріне демонстрциялық эксперимент қою дұрыс болды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет