Жұмыс барысы:
1-тәжірибе. Спирттердің судағы ерігіштігі. Сынауықтарға 5 млден этанол және бутанол-1 құйыңдар. Спирттердің үстіне фуксин
тамызылған 20 мл су қосыңдар. Спиттердің тығыздығы судың
тығыздығынан аз болғандықтан олар жоғары қабатты құрайды.
Сынауықтарды шайқаңдар. Этанол жақсы ериді, бутанол-1 аз ериді.
Тапсырма: Спирттердің судағы ерігіштігіне көңіл аударып, тиісті
қорытынды жасаңдар.
2-тәжірибе. Жануы. Екі кәрлен табақшаның біреуіне шамамен
2 мл этанол, екіншісіне 2 мл бутанол-1 құйып, оларға тұтанған шыраны
жақындатыңдар. Этанол көгілдір, әлсіз жарқырайтын жалынмен, ал
бутанол-1 жарық жалынмен жанады.
Тапсырма: Тәжірибеде байқаған құбылыстарды түсіндіріп, тиісті
қорытындылар жасаңдар.
3-тәжірибе. Көпатомды спирттерге сапалық реакция
Сынауыққа 5 мл глицерин ерітіндісін құйып, оған 5—6 тамшы
мыс (II) сульфатын тамызып, үстінен тұнба түзілгенше натрий гидроксидін қосыңдар.
Тапсырма: Тәжірибеде байқаған құбылыстарды түсіндіріп, тиісті
қорытындылар жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |