1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері


Мектеп химия кабинеті және оның мақсаты



бет99/101
Дата31.12.2021
өлшемі8,76 Mb.
#23537
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
Мектеп химия кабинеті және оның мақсаты.

Химия кабинеті – химия сабақтарын өткізуге, пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарды дайындауға, өткізуге, сонымен қатар оқу бағдарламасына және тәрбие жұмысы бойынша мектеп жоспарына сәйкес химиядан сабақ және әртүрлі іс – шаралар өткізуге арналған орын. 

Ережеге сәйкес химия кабинеті 2 бөлмеден тұруы шарт: сабақ және басқа да іс – шаралар өткізуге арналған сынып бөлмесі және химиялық ыдыстар, реактивтер, оқу құралдары, дидактикалық материалдар сақталатын – лаборанттар бөлмесі.

Химиядан сынып бөлмесінің ауданы 70 м2 болуы керек. Онда 2 орынды оқушыларға арналған қауіпсіздік ережелеріне сай өткізілетін зертханалық тәжірибелер мен практикалық сабақтар өткізуге мүмкіндік беретін столдармен қамтамасыз етілуі керек. Мұғалім столымен, тартқыш шкафпен, сынып тақтасымен сәйкестендірілген демонстрациялық стол орналасуы керек. Мектептегі химия кабинетінде міндетті түрде су құбырымен, электроэнергиямен, оқу – әдістемелік әдебиеттер және кестелерді сақтауға арналған сөрелермен, өрт сөндіру құралдарымен және алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған заттармен толық қамтамасыздандырылады.

Лаборанттар бөлмесінің ауданы 18мтең болуы керек. Онда реактивтерді, ыдыстарды,  басқа да зерханалық заттарды сақтауға арналған сөрелер, тартқыш шкаф, ыдыс жуатын орын, өрт сөндіру құралдары, лаборант пен мұғалімге қажетті жиһаз болуы керек. Лаборанттар бөлмесі химия кабинеті жақын тұспа – тұс орналасуы керек. Оның 2 есігі : 1-коридорға, 2- химия кабинетіне бағытталып орналасуы керек.

Химия кабинетін басқа пәндер бойынша сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізу мақсатында қолдануға болмайды.Кабинеттің оқу-әдістемелік базасы:Дидактикалық, көрнекі, тарату, анықтама материалдары жеткілікті көлемде болуы тиіс және пән бойынша бағдарламалық материалдарды орындауды қамтамасыз ету қажет.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет