2. Салық салу объектісі Мүлік пен іс-әрекеттер салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.
№3 билет
1.Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегерудің салық есебі. Теріс бағамдық айырма сомасы оң бағамдық айырма сомасынан асып түскен жағдайда асып түсу шамасы шегеруге жатады. Бағамдық айырма сомасы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталады.
2.Салық есебін жүргізу және ұйымдастыру тәртібі. 1. Салық есебі - салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелендіру, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және салық есептілігін жасау мақсатында салық төлеушінің осы Кодекстің талаптарына сәйкес есеп құжаттамасын жүргізу процесі.
2. Салық есебі бухгалтерлік есеп деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.
3. Салық төлеуші салық есебін дербес ұйымдастырады және салық мақсатында салық тіркелімдері түрінде мыналарды:
1) салық кезеңі ішінде салық төлеуші жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсаттары үшін есепке алу тәртібі туралы толық және дұрыс ақпаратты қалыптастыруды;;
2) салық есептілігі нысандарының әрбір жолының толық жазылуын;
3) салық есептілігінің дұрыс жасалуын;
4) салық бақылауы үшін салық қызметі органдарына ақпарат беруді қамтамасыз ететіндей түрде ақпаратты қорыту мен жүйелендіру нысандарын айқындайды.
4. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есеп саясатын дербес әзірлейді және бекітеді.
5. Салықтық есеп саясаты - салық төлеуші (салық агенті) қабылдаған, осы Кодекстің талаптарын сақтай отырып, салық есебін жүргізу тәртібін белгілейтін құжат. Салықтық есеп саясаты халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес әзірленген есеп саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.
6. Есеп құжаттамасы өзіне:
1) бухгалтерлік құжаттаманы;
2) салық нысандарын;
3) салықтық есеп саясатын;
4) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттар.