1. Салық төлеушінің мынадай шығыс түрлеріне салық салынатын кірісті азайтуға құқығы бар:
1) салық салынатын кірістің 3 процентінен аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде:
іс жүзінде шеккен шығыстардың осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) кірістерден асып түскен сомасы;
коммерциялық емес ұйымдарға және әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға өтеусіз берілген мүліктің құны;
салық төлеушінің көмекті алатын адамның тарапынан өтінімі негізінде шешімі болған кездегі демеушілік және қайырымдылық көмек;
2) мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге және мүгедектердің жалақысынан және басқа да төлемдерден есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 процентіне жұмсалатын шығыстардың 2 еселенген мөлшері;
3) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шарты жасасқан жағдайда салық төлеушімен еңбек қатынастарында болмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстар.
2. Жылдық жиынтық табыстан шегерілетін шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі 1. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерілуге тиіс.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауы тиіс.
3. Шегерімдерді жиынтық табысты алуға бағытталған оның қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеуші жүргізеді. Бұл шығыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады.
Болашақтағы кезеңдердің шығыстары қай салық кезеңіне қатысты болса, сол кезеңде шегерілуге жатады.
4. Табиғи монополистер шеккен залалдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген нормалар шегінде шегерілуге жатады.
5. Егер шығыстардың бірнеше баптарында белгілі бір шығындар көзделсе, салық салынатын кірісті есептеу кезінде көрсетілген шығындар тек бір рет шегеріледі.
6. Осы Кодекстің 103, 115-баптарында өзгеше белгіленбесе, салынған немесе танылған айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық айыптары шегеруге жатады.
7. Құрылысқа алынған, құрылыс кезеңінде есептелген кредиттер (қарыздар) үшін сыйақылар құрылыс объектісінің құнына енгізіледі.