1 билет Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегерудің салық есебі


Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу



бет7/9
Дата11.12.2022
өлшемі25,45 Kb.
#56520
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1.Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу.
Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері жатады:
1) косметологиялық қызметтерді қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету;
2) қызметтің осы түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және қосымша білім беру жөніндегі қызмет көрсету;
3) ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық шараларынан басқа), мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа) саласында қызмет, ақпаратты тарату мен насихаттауды қоспағанда, тарихи-мәдени мұраны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген мәдени құндылықтарды сақтау бойынша, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді қорғау және оларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызмет;
4) кітапхана қызметі.
Осы тармақта көзделген ұйымдардың кірістері көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға жұмсалған кезде олар салық салуға жатпайды.
3. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға, мынадай шарттарға сай келетін:
1) салық кезеңінде мүгедектердің саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 проценті болатын;
2) салық кезеңінде мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 процентін (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 процент) құрайтын ұйымдар да жатады.
4. Осы баптың ережелері акцизделетін тауарлар өндіру мен өткізу жөніндегі қызметтен және акцизделетін қызмет түрлерінен табыстар алатын ұйымдарға қатысты қолданылмайды.
5. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, алынған табыстарға осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет