Байланысты: Тұтас педагогикалық үдерісті жоспарлау
1. Білім беруді жоспарлау
2. Педагогикалық жоспарлардың түрлері мен құрылымы
3. Қосымша білім беру мекемелеріндегі жұмыс жоспарлары
4. Жоспар құру технологиясы
Білімұйымыныңжұмысын басқару үрдісі белгілі мақсатқа жетуге бағытталған дәйекті түрдегі іс-шаралардың жиынтығымен көрініс табады. Басқарудағы менеджмент педагогикалық ұжымның парасатты, нысаналы іс-қызметінің көмегімен білім беру жүйесін бағындыру және тәртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Сонымен қатар менеджмент стратегиялық және тактикалық мақсаттарға оңтайлы жету жолында әрбір ұйыммен жәнe олардағы педагогтардың нысаналы және келісімді жұмысын қамтамасыз ететін басқару тетігін қалыптастырумен ерекшеленеді.
Бүгінгі таңда білім саласындағы менеджмент – басқарудың маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Оның тиімділігін тануда стратегиялық жоспарлаудың ролі артып келеді. Мысалы 5-7 жылға есептелген мектептердің стратегиялық Даму жоспары, Кембридж университеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің біріккен бағдарламасы бойынша оқытылатын деңгейлік оқу курстары қорытындысымен жасалатын қысқа және орта мерзімді жоспарлардың білім ұйымын мақсатты жетілдіруде рөлі ерекше.
Білім жүйесіне «стратегия» термині қажеттілігімен танылып, кеңінен еніп отыр. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау білім ұйымы қызметінің жалпы концепциясын білдіреді. Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді. Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.
Сабаққа қойылатын талаптар Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
Білімділік мақсаттарды түгелдей, сондай-ақ олардың құраушы элементтерін және олардың дамытушылық және тәрбиелік мақсаттармен байланысын айқын дұрыс түрде құрастыру қажет;
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды ескере отырып, оқу бағдарламасы мен мақсаттарына сай сабақтың үйлесімді мазмұнын анықтау;
Сабақ кезінде, сондай-ақ әртүрлі жұмыстар кезінде білім мен біліктіліктерді ұйымдастыру және оқушылардың ғылыми білімдерді меңгеру деңгейін болжау;
Оқыту формаларының ең тиімді тәсілдерін және әдістерін таңдап қолдану, олардың сабақтың кезеңдеріне әсерін бақылау және қалыптастыру, жеке және ұжымдық жұмыс формаларын таңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
Барлық дидактикалық принциптерді сабақ барысында жүзеге асыру;
Оқушылардың табысты оқуына жағдай жасау.
Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
Сабақтың психологиялық мақсаты:
Оқушылардың дамуын нақты оқу пәні және нақты сабақ шегінде жобалау;
Сабақтың мақсатын қою кезінде, тақырыпты оқытудың және оның нәтижесінің психологиялық мақсатын ескеру;
Оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін әдістемелік тәсілдердің психологиялық және педагогикалық әсерлерінің жеке құралдарын қадағалау.
Сабақтың стилі:
Оқытудың дамытушылық принципіне сай сабақтың құрылымы мен мазмұнын анықтау:
Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілетіне әсер ететін жүктемелердің қатынасы;
Оқушылардың шығармашылық және жүзеге асыру іс-
Әрекетінің көлемін анықтау;
Дайын түрде (мұғалімнің сөзінен, кітаптан немесе қосымша құралдардан) және өздігінен іздену кезінде білімдерді меңгеруді жоспарлау;
Проблемалық-эвристикалық оқытуды мұғалім мен оқушылардың орындауы (проблеманы кім қояды, кім тұжырымдайды және оны кім шешеді);
Мұғалім жүзеге асыратын әрекеттерді: оқушылардың ісәрекетін тексеру, талдау мен бағалау және оқушылардың өзара сынай бағалауын, өзін-өзі бақылауын, өзін-өзі талдауын есепке алу.
Мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыру ерекшеліктері:
Сабаққа деген дайындығы және ең бастысы– психологиялық мақсатты түсіну, оны жүзеге асыруға іштей дайын болу;
Сабақтың басында және барысындағы көңіл-күй – жинақылық, сабақтың психологиялық мақсаты мен тақырыпқа байланысты өзін-өзі баптау, жігерлілік, анықталған мақсатты орындауға табандылықпен ұмтылу, педагогикалық шеберлік; - педагогикалық әдептілік;
Сабақтағы психологиялық жағдай.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
Оқушылардың танымдық ойлау және қиялдау қабілеттерінің белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету шараларын анықтау:
Оқушылардың оқылатын объектілері мен құбылыстарды саналы қабылдау және оларды ұғыну жолдарын жоспарлау;
Сендіру, көндіру тәсілдерін қолдану;
Оқушылардың материалды қабылдауын және олардың зейінін тұрақты ұстау шарттарын жоспарлау;
Оқушылардың жадында алдында игерілген білімдерін, біліктіліктерін және дағдыларын өзектілендіру үшін жаңа материалды қабылдау қажет (әңгіме, жеке сұрау, қайталау бойынша жаттығулар сияқты) жұмыстың әртүрлі формаларын қолдану;
Жаңа білімдерді және біліктіліктерді қалыптастыру үрдісінде, ойлау және қиялдау әрекеттерін ұйымдастыру:
Оқушылар білімдері мен біліктіліктерінің қалыптасу деңгейін (ұғымдарды нақты елестетіп түсіну, бейнелерді жалпылау, «жаңалық ашу», қорытындыларды тұжырымдау деңгейінде) анықтау;
Оқушылардың ойлау және қиялдау әрекеттерін, жаңа бейнелерді елестету және түсіну деңгейлерін ұйымдастырғанда ұғымдарды қалыптастырудың психологиялық заңдылықтарына сүйену;
Оқушылардың өздігінен ойлау қабілетін жүзеге асыратын және белсенділігін қамтамасыз ететін жұмыстың түрі мен тәсілін жоспарлау (проблемалы жағдайларды жасау, іздеу немесе танымдық жұмыстарды жүргізу, тапсырмаларды күрделендіру);
Түсіну деңгейін арттыру (сипаттамалықтан бастап салыстырмалыға, түсіндірмеліктен – жалпыламалыққа, бағалауға, мәселелікке) және әңгімелесу, сөйлесу, ойқорыту, пайымдау қабілеттерін қалыптастыру.