1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


–58 . Ойлау дағдысының деңгейлері, Блум таксономиясын тұжырымдаңыз



бет48/54
Дата11.05.2022
өлшемі91,5 Kb.
#34046
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
50–58 . Ойлау дағдысының деңгейлері, Блум таксономиясын тұжырымдаңыз.

Блум таксонмиясын ең алғаш 1950 жылдары психолог Бенджамин Блум ойлап тапты.2000 жылдары бұл таксономияның білім саласына бейімделген нұсқасы пайда болды.Негізгі таксономия 6 деңгейден тұрады. Олар: білу,түсіну,қолдану,талдау, бағалау, жинақтау. Бірінші,білу деңгейінде оқушы жалпы қажетті ақпаратты үйренеді.Олар көбіне факт түріндегі мәліметтер болады.Екінші түсіну кезеңі-негізгі идеяларды ұйымдастыру, түсндіру арқылы түсінгенін көрсету.Бұл деңгейде оқушы оқыған ақпаратты түсінеді, және оны өз түсінігімен айтып бере алады. Барлығымыз білетіндей көбіне дәстүрлі жүйе осы екі ойлау деңгейінде қалып қойған.Яғни, сабақта оқушы осы екі деңгейді орындаса табысқа жетті деп есептелінді.Ал бұл ақпарат оқушының болашағына қаншалықты пайдасы бар деген сұрақ жауапсыз қалды.Ал жаңартылған білім мазмұнында жасалған реформалар осы екі деңгеймен қоса келесі жоғарғы ойлау дағдыларында сабақ мазмұнына қосуға бағытталады.Мысалы, Блум таксономиясының келесі қолдану деңгейінде оқушы кітаптағы ақпаратты оқып түсінген соң ,ондағы өзіне керекті ақпаратты практикада қолдана алады.Қысқаша айтқанда, оқушы сабақта оқыған дүниесін шынайы өмірде қолдану дағдысын қалыптастырады.Одан жоғары төртінші дейгейде оқушы кітапқа, ондағы берілген мәліметке анализ, яғни талдау жасап үйренеді. Яғни, қай мәліметті қай жерде,қай уақытта қолдану керектігін үйренеді. Келесі жинақтау деңгейінде барлық деңгейдегі білім нәтижесінде оқушы өзіндік шығармасын жасайды.Немесе басқаша қандай жұмыстар жасауға болатынын айтып, өзінің альтернативті ,яғни балама нұсқасын ұсына алады.Бұл деңгейдің мақсаты-оқушының бойында креативтілікті қалыптастыру. Ал келесі бағалау кезеңінде оқушы автордың жұмысына, сөздерді қолдануына сыни баға бере алады.Яғни, толыққанды бағалау жүргізеді.Өзіндік көзқарасын, қай ақпараттың немесе қай тәсілдің ең тиімді екенін айта алады.

Қорыта айтқанда,Блум таксономиясының мақсаты- жоғарыда аталған дағдыларды әрбір оқушының бойына сіңіру.Өйткені , осы дағдыларды меңгерген оқушылар ғана әлемдік деңгейдегі білім бәсекесіне қабілетті бола алады.Әрине, тек білу және түсіну деңгейіне үйреніп қалған оқушылар үшін бұл қиынға соғады.Бірақ бұл болашақ ұрпаққа ауадай қажет.Сондықтан, өзгерістерді түсініп ,олардың қабылдай білу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет