54. «В.П.Беспалько тəжірибелерін ендіру» тақырыптарын бағалаңыз.
В. Беспалько «педагогикалық технология дегеніміз – тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын əдіс-тəсілдер – оның құрамды бөлігі ғана, оқыту үдерісін жүзеге асырудың мазмұндық техникада педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі)», – деп түсіндіреді.
алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготскийдің «оқыту үдерісінде оқушының ақыл-ойының дамуы «актуалды даму» аймағынан «жақын даму» аймағына ауысуы» туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-əрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-əрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей – «міндетті, оқушылық», екінші – «алгоритмдік», үшінші – «эвристикалық», төртінші- «шығармашылық». Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу əрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту əдістері оның шығармашылық қабілетінің дамуына əсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |