55. Оқыту нəтижелерін бағалаудың қазіргі уақыттағы құралдары қызметіне баға беріңіз.
Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана білуі мен оқушылардың алған білімдерін тексеру оқыту процесінің дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Л.Н.Толстой былай дейді: «Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп білуге тырысуға, олардың көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Оқушының сабақ түсінуіндегі қиыншылығының қандайын болса да, оны оқушының кемшілігі, қайта өзімнің сабақ оқытуымдағы кемшілігім деп қабылдауға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті». Сондықтан, әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны және оқушы білімін дұрыс тексеру жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс.Қазіргі заман талапбына сай қалыптастырушы және жиынтық бағалауды дұрыс жүргізе алуы қажет.
Бағалау жүйесінің маңызды сипаты, ол тек ғана бағалауды қою кезінде ғана қолданылмайды, толығымен мұғалімдер, білім алушылар және ата-аналар арасындағы білім беру процесінің жетістігі себептері бойынша бақылау диагностикалық байланысты жүзеге асырады.
Білім беру жетістігін бағалау кезінде бағалау жүйесі осындай балалардың оқу жетістігін обьективті көрсетіп ғана қоймау керек және білім алушылардың білім беру процесін одан әрі қолдау үшін негіз болу керек.
Бағалау жүйесі оқыту жетістігін өлшеу мен оқыту мәселелері диагностикасы болып табылады, оқытудың стратегиясы мен тактикасы бойынша түбегейлі шешім қабылдау, күтілетін нәтижелерді бағалау түрі мен білім мазмұнын жетілдіру ретінде білім беру процесі сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Білім беру жетістіктерін бағалау кезінде алынған нәтижелер арақатысы мен оқыту кезіндегі жоспарланған мақсаттарға жетудің маңызы зор. Бағалау жүйесінің бірнеше қызметін бөліп көрсетуге болады:
Нормативтік қызмет бекітілген мемлекеттік стандартқа қатысты білім алушылардың жетістігін тіркейді және жекелеген оқушылардың үлгерімін, мектеп сыныптарының, олардың дайындық деңгейі мен мұғалім жұмысының сапасын қадағалайды. Ақпараттық-диагностикалық қызмет білім алушылардың мазмұнды және эмоциялық рефлексиясын, соның ішінде ерекше қажеттіліктерін, барлық білім беру процесі қатысушыларының арасындағы мазмұнды байланысты қамтамасыз етеді. Бағалау жүйесі білім беру процесінде нақты сыныпта, нақты бала үшін барлығы дұрыс екендігін көруге мүмкіндік береді. Бағалау жүйесі сол немесе басқа да материалдың қаншалықты жетістікпен игерілетіндігін, білім алушыларда сол немесе басқа да практикалық дағдының қалыптасқандығын анықтауға мүмкіндік береді. Осындай мүмкіндік білім алушылардың жеткен деңгейін салыстыруда бақылау өлшемдері белгілі бір минимумымен, оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптармен әрбір білім алушылар үшін маңызды.
57. Биология сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдануды тұжырымдаңыз.
«Интербелсенді» дегеніміз диалог құру арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші-үйренуші», «үйренуші-үйренуші», «үйренуші-өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас (әңгіме, сұхбат, бірлескен әрекеттер.)
Интербелсенді оқуоһ/оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді, ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді.
Интербелсенді әдістерде басты назарды “процеске”, яғни үйрену процесінің өзіне, білім алушылардың “қалай” және “қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне” аударады. Яғни, интербелсенді сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Осы жерде білім алушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды. Себебі, интербелсенді оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету.
Интербелсенді әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі. Қытайдың бір нақыл сөзінде: "Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін" делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Интербелсенді әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ білім алушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интербелсенді оқытуда оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі білім алушылардың белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың бастамасы үшін жағдай жасаушы болады.
Интербелсенді әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
-педагогикалық қолдау көрсету.
Оқудың интербелсенді әдістерінің артықшылығы:
* оқушылардың қызығушылығын туғызады;
* әрқайсысының оқу үрдісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
* әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
* оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
* оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
* өмірлік машықтарды қалыптастырады;
* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Менің мамандығым география пәні мұғалімі, сондықтангеография сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдануды тұжырымдай кетейін. ХХІ ғасырдағы география сабағына мынадай мақсаттар қояр едім.
• Географиялық білімін үнемі жетілдіріп отыру (дәріс беру, сарамандық, семинар).
• Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарына араластыру, дарынды оқушылармен жұмыс.
• Жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен интернет арқылы қашықтықтан өздігінен білім алуға үйрету
• Оқу үрдісін ізгілендіре отырып оқытудың дамыту фунуциясына басты назар аудару, жаңа технологияны пайдалану.
• Оқушыларды өлкетану жұмысына тарту, оқу-тәжірибелік, сарамандық жұмысты жетілдіру
• Экологиялық – экономикалық білім беру, танымды кеңейту.
Осындай ауқымды тақырыптарды ала отыра оқушылардың құр айтып беруімен ғана бағаламай, өз ойын қоса алуы, тақырыпты нақты түсіну, бір-біріне түсіндіру арқылы оқуға деген ниетін ашуға болады.
География ғылымы өте қызықты да күрделі. ХХІ ғасыр ақпараттық техологиясы ғасыры десек, бұл география ғылымына да қатысты. Географиялық ақпараттарды беретін маңызды көздер:
• Газет-журнал;
• Білім беру жүйесі;
• Радио, телехабар;
• Компьютер, интернет;
Қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенді болып өздігінен шығармашылықпен білім алуы керек. Ол үшін бүгінгі таңда қолданылып жүрген мультимедиялық электронды оқулықтың алатын орны ерекше деп айтуға болады.
Бұл оқулық география Білім стандарты мен оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес келеді. Электронды оқулық өз қолымыздағы оқу құралдарын, толықтырады, дидактикалық материалдары жеткілікті. Бұл оқу үрдісінің сапасын жіне тиімділігін арттыратын жаңа оқу жылы.
• Түрлі анықтамалы;
• ақпараттар алады;
• Көрнекілік, сурет, сызбалар компьютермен;
• іске асырылады;
• Оқушылардың;
• өздігінен білім алуы;
• Білім-білік дағдылары қалыптасады;
География пәнінің ұраны: «Мың рет естігенше, бір рет көр» деп есептесек, бұл оқулық арқылы 8-10 сыныптар бойынша табиғат жағдайындағы құбылыстар мен заңдылықтарды, түрлі процестерді өз көздерімен көріп таныса алады. Сонымен бірге электронды оқулықты пайдалану арқылы оқушының шығармашылығын дамытып, іскерлікке, өздігінен білім алуға баулимыз. Элктронды оқулықтың тиімді жағы өте көп.
• Пәнге қызығушылығын арттырады
• Дидактикалық материалды қолдану тиімділігі артады
• Білім алудың шығармашылық сипаты артады
• Тестілік тапсырмалар шешеді
• Терең білім алуы
• Деңгейлік тапсырмалар орындайды
• Ойлау қабілетін дамытады
• Сарамандық тапсырмалар орындайды
• Табиғи құбылыс туралы бейне көрініс тамашалайды
• Алған білімін өзі тексереді
Достарыңызбен бөлісу: |