1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін сипаттаңыз



бет6/54
Дата11.05.2022
өлшемі91,5 Kb.
#34046
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Бағалау сессия 2021 био (копия)

6. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін сипаттаңыз.

Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін көрсетеді, оқудағы қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Бағалаудың бұл түрі оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту үдерісінде төменгі әдіс-тәсілдерді «Қол сигналы», «Бағдаршам», «Қорытындылауға арналған карточка индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызекі баға», Сұрақты қағып ал, «Конверттегі сұрақ» портфолио, журналдар, рубрикалар, сөзжұмбақтар, сұрақтар және тағы басқа түрлерін қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде, мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады. Мысалы, мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс орындалған жақтарын көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет