9. Жиынтық бағалау үдерісін сипаттаңыз
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының
мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу
үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім
алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге
асырылады. Жиынтық бағалау бөлім/ ортақ тақырыптар және тоқсан бойынша оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың алған білімдері мен жинаған дағдыларының нәтижесін бағалай отырып, қалыптастырушы бағалау нәтижелерін толықтырады. Әр тестінің құрылымы мен ұзақтығы туралы және оларды басқару әдістері туралы ақпаратты пән бойынша тест спецификациясынан табуға болады. Жиынтық бағалауға арналған спецификацияда сұрақтардың үлгілері мен бағалау сызбалары ұсынылған, одан мұғалімдер әртүрлі дағдылар қалай бағаланатынын көре алады. Нақты бағалау критерийлері болған күннің өзінде де қалыптастырушы бағалау кезінде баға қою әлі де күрделі үдеріс болып табылады және мұғалімдер олар бойынша түсініктеме бере алады. Мұғалімдер қойған бағаның сенімділігі мен дәлелділігін арттыру мақсатында модерация қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |