1. Биологиялық және экологиялық процестер мен жүйелерді талдаудың ақпараттық тәсілдері


Орта білім беру ұйымдарындағы қашықтан оқыту жүйесі



бет7/27
Дата16.12.2022
өлшемі1,81 Mb.
#57705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
1. Биологиялы ж не экологиялы процестер мен ж йелерді талдауды

15. Орта білім беру ұйымдарындағы қашықтан оқыту жүйесі
Қашықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту түрі. Қашықтан оқытуды біз онлайн-оқытумен шатастырмауымыз керек. Қашықтық форматының ұғымы әлдеқайда ауқымды және бірден бірнеше әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай формат сабақты геймификациялауға (ойын түрінде өткізуге), өзін-өзі ширау деңгейін арттыруға, ең бастысы, оқытуды дербестендіруге мүмкіндік береді. Бұл – біз қол жеткізуге ұмтылып отырған қажетті, әрі тиімді оқыту жүйесі.

Отандық білім беру жүйесі үшін қашықтан оқыту форматына көшу – үлкен сынақ. Себебі жалпы орта білім беру ұйымдарында осы күнге дейін қашықтықтан оқыту мүлдем болмаған. Мектеп ұстаздары үшін бұл оқытудың жаңа форматы. Бұрын дәстүрлі сабақтарда мұғалімдер сандық білім беру ресурстарымен, электронды оқулықтармен, электрондық журналдар жүйелерімен жұмыс жасады, сондықтан бұл қашықтық түрдегі жұмыстың тиімді болуына көмектесетін тәжірибе.


Әрине, қашықтықтан оқыту мектеп ұстаздары үшін оңай шаруа емес. Барлық сабақтар орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай оқу бағдарламасы бойынша өтілуі керек. Сабақ кестесіне сәйкес, цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланып, ұстаздар мен оқушылар үшін қол жетімді платформалар ұсынылып отыр. Мысалы, «Bilimland», «Daryn.online», «Күнделік». Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды ойын түрінде өткізуге зор мүмкіндік береді. Бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар күн сайын 1-11 сынып оқушылары үшін аптасына бес күн балаларға және педагогтарға көмек ретінде «Балапан» және «Ел-Арна» телеарналарында сабақтар таратылып жатыр. Бастысы, білім алу тетігі сапаға әсер етпеуі қажет.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет