Айыра алмай жат өлсін.
Жат бойынан түңілсін.
Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз. - Бұқар жыраудың өлең жолындағы тақырыбы – ел бірлігі.
Өлмегенде не өлмейді,
Жақсының аты өлмейді.
Әкімнің хаты өлмейді, - деген шешендік сөздің авторы - Бұқар жырау
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады,
Шаршы топта сөз бастау қиын - деген шумақтың иесі - Бұқар жырау
Бұқар жыраудың ел бірлігі тақырыбына арналған толғауы: «Керей, қайда барасың?», «Садыр, қайда барасың?»
Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыбы: елбірлігі, Абылай бейнесін сомдау.
Өз тұсында «Орыспен соғыспа» деп үн қататын жырау - Бұқар жырау.
«Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жырлама.
Орысиенен соғысып,
Басыңа мұнша көтерген.
Жұртыңа жаулық сағынба», - деген өлең жолдарының авторы - Бұқар жырау «Абылай ханға айтқаны».
«Ағайынның аразы,
Елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы,
Ауыл сәнін кетірер», - деген сөздің авторы - Бұқар жырау.
Ханның жақсы болмағы –
Қарашаның елдігі.
Қараша халық сыйласа,
Алтыннан болар белдігі, - деген өлең шщумағы - Бұқар жырау.
Жаманмен жолдас болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айырылмасқа серт етер, - деген үзіндінің авторы - Бұқар жырау
Бұқар жыраудың шығармасы – «Айналасын жер тұтқан»
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе таусылмас,
Көл суалмас демеңіз, - шумағының иесі - Бұқар жырау.
Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан.
Қосының болсын қазақтан, - деген жолдардың авторы - Бұқар жырау.
Бәрін айт та, бірін айт,
Халық толқыса тұра алмайды хан тағында, - деген өлең жолдарының автры - Бұқар жырау.
Найза бойы жар екен,
Түсіп кетсең түбіне.
Түбі терең көл екен,
Ел қонбайтын шөл екен, - деген Бұқар жыраудың айтқан мәселесі – Кәрілік . Жақын жерде шөп жесе,
Жердің сәнін кетірер.
Ағайынның аразы,
Елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы,
Ауыл сәнін кетірер, - Бұқар жыраудың өлеңіндегі ұйқас түрі мен буын саны – 7-8 буынды, шалыс ұйқас.
Бұқар жыраудың
«Қиядан қиқу төгілсе,
Аттың басын тартпаған» - тармақтардағы «аттың басын тартпау» тіркесінің мағынасы – жаудан қаймықпаған, қайтпаған деген ұғым.
Бұқар жыраудың «Мен – өгіз терісі талыспын» деген өлең жолындағы «талыс» сөзінің мәні – шеберлік аспаптарын салатын сірі-көн ыдыс.
Бұқар жыраудың «сен - бұзаудың терісі шөншіксің» деп, керейлерге айтқан сөзіндегі «шөншік» сөзінің мағынасы – Жарғақ қалта.
Бұқар жыраудың шығармаларына жоғары баға берген белгілі ғұлама, фольклорист әрі дінмар (Мәшһүр Жүсіп Көпеев)
Бұқар жыраудың ел бірлігі тақырыбындағы толғаулар (« Керей қайда барасын»?; «Бірінші тілек тілеңіз»; «Ей, Абылай ,Абылай»)
Бұқардың толғаулары: («Жал-құйрығы қаба деп»; «Айналасын жар тұтқан»)
Бұқардың қай толғауынан?
Мен- Арғын деген арыспын,
Азуы кере қарыспын...(«Керей,қайда барасың?»)
Өз басынан тоғыз ханның билігін өткізіп, ақылшы, кемеңгер би болған жырау:( Бұқар жырау)
Өткіздің тоғыз ханды толғауменен,
Шештің талай түйінді болжауменен.
Іс болса қиын – қыстау сен сөйлеттің,
Қылыштай қып- қызыл қорғауменен,- деп Үмбетей жырау сипаттаған:(Бұқар жырауды)
Бұқардың Абылай туралы екі өлеңін орысшалап хатқа түсірген ғалым (Ш. Уәлиханов)