Әдебиеттік оқуда әдебиет теориясынан берілетін бастапқы түсініктермен жұмыс істеу. Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырудың қазіргі педагогикалық технологиялары. Ертегілерді оқу әдістемесі. Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алдымен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, психологиялық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады.
Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің барабар талабы болып табылады.
Жеке бала – бұл күрделі бүтін жүйе және оның дамуын ашатын жүйе құрағыш бөлігін табу өте маңызды. Сол бөлік ретінде ғалымдар өздігінен танымдылықты бөледі, ол жеке адамның дамуындағы бүтін интегралдық көрсеткіші, адамға жаңа жағдайда жеңіл жөн табуға, өзге жағдайда білім мен дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан адамның өзіндік танымдылығын дамыту маңызды және мәнді мәселе [3].
Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік тағы басқа тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор.
Мәнерлеп оқудың ерекшеліктері. Мәнерлеп оқу орысша выразительное чтение — мәтінді, оның мазмұнын тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізу үшін, ондағы сөздердің дыбыстық үйлесімін, екпінін, дауыс ырғағын, әуенін сақтап айту. Мәнерлі оқудың қажетті шарттарына дауыстың анық есітілуі, оның үнділігі, әуені, яғни дауыс күшінің, үннің биіктеуі мен төмендеуі, оку қарқынынын бірде жылдам, бірде баяулауы, лебізділігі жатады. Оқу техникасы дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуын талап етеді.
Оқудың түрлері. Арнайы түзету мектебінде кең тараған оқу түрі – дауыстап оқу. Психологтардың зерттеуінше дауыстап оқу материалды түсінуге жағдай жасайды. Бұл жағдай жоғарғы және төменгі сынып аралығында да таралған. Оның себебі оқушылар мәтінді көріп қана қоймайды, айтады және естиді. Дауыс мәнеріне көңіл аударып оқу, оқушылардың мәтінді түсініп оқуына көмектеседі. Дауыстап оқу мұғалімге оқушылардың жүргізіп оқу мәнерін көрсету, сөйлеу тілінің ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі. Оқушылардың дауыстап оқуын әрдайым қадағалап отыру,бірінші орында оның дұрыс оқылуына жағдай жасайды. Дегенменде, оқытудың бұл түрі әрқашан қолайлы және үнемді болмайды, себебі оқытудың жай түрі дауыстап оқуға қарағанда – есе тезірек. Балаларды өмірге дайындай отырып, оқудың бұл түрін қолдана білуге үйретуіміз керек. Оқушыларға мұғалімнің көмегінсіз мәтінді оқу үлкен қындық тудырады.