Бір немесе бірнеше жауабы бар тест
16.Қазақша батаның негізгі құрылымы
А/ баяндау
В/ өлең түрінде
С/ эпикалық
Д/ жыр түрінде
Е/ дастан
17. Баталасудың қасиетті белгілері
А/ шарттасу
В/азаматтық
С/ сыйластық
Д/ жалбарыну
Е/ тектілік
F / рұқсат сұрау
G/ кешірім ету
H/ елдік
18. Батаның түрлері
А/ уәделесу
В/ өтіну
С/ кешірім ету
Д/ рұқсат сұрау
Е/ ақ бата
F / серттесу
G/ теріс бата
H/ шарттасу
19. « ...Алдымен еліңнің жеріңнің қамын ойлаңдар,
Сөзіме терең бойлаңдар
...Биік төбеге шықсаң - көзің ашылады,
Жақсымен жолдас болсаң - көңілің ашылады.-деп ұл-қыздарына бата берген
А/ Райымбек
В/ Жәнібек
С/ Бөгенбай
Д/ Наурызбай
Е/ Бауыржан
F / Жиембет
G/ Төле би
H/ Әйтеке
20. «Халқымыздың игі салт-дәстүрлері - біздің ең асыл мұрамыз» -деген дана сөздің авторы
А/ С.Мұқанов
В/ М.Әуезов
С/ М.Ғабдуллин
Д/ Б. Момышұлы
Е/ Ш. Уәлиханов
F / Қ. Жұмалиев
G/ А.Байтұрсынов
H/ Ә.Диваев
4-бөлім. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпащтар
Қазақ халқы, басқа халықтар секілді, жазу-сызу өнері болмаған кездің өзінде-ақ ауыз әдебиетінің әр түрлі үлгілерін тудырып, солар арқылы тұрмыс-тіршілтнің әр алуан жақтарын суреттеген; қогамдық өмірін, дүниеге көзқарасын, таптық күресін, арман-мүддесін, т.б. бейнелеп көрсеткен. Осы негізде туған және ауыз әдебиетінің күрделі бір түрі деп халықтың мақал-мәтел, жұмбақтарын атаймыз.
Мақал-мәтел, жұмбақтар бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған, ерте заманда туып, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде талай ғасырмен бірге жасасқан, бұл жолда әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған.
Қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтарының ел арасынан жиналуы, хатқа түсуі, баспа бетіне шығуы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұлардың кейбір үлгілерін ертеректе ел арасынан жинап жазып алғандар Ш. Уәлиханов, В. Радлов болғанын білеміз. Бұлардан кейін, революцияғадейінқазақтъіңмақал-мәтелдерін,жұмбақтарын жинап, баспа жүзіне шығаруда айтарлықтай еңбек еткендер: Ш. Ибрагимов, А. В. Васильев, П. М. Мелиоранский, Ф.Плотников, В. В. Катаринский, ә. Диваев, Сабыржан Садықов, Мейрам Ысқақов, т.б. болды. Аталған адамдар қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтарының кейбір үлгілерін жинап жазып алды да, сол кезде орталықта және Омбы, Орынбор қалаларында шығатын газет-журналдарға бастырды, жеке кітапша етіп шығарды. Мәселен, Ш. Ибрагамов қазақтың мақал-мәтелдерін 1874 жылы Орынборда, А. Васильев 1892 жылы Орынборда, В. Катаринский 1899 жылы Орынбсрда, Ф. Плотников Омбыда бастырды. П.Ме-лиоранский жинаган мақал-мәтелдер археология қоғамының Шығыс бөлімінің еңбектерінде (1893 ж.) жарияланды. М.Ис-каков жинаған мақал-мәтелдер 1914 жылы қазан қаласында өз алдына кітапша болып шықты. С. Садықовтың “Жүмбақ” деген жинағы 1902 жылы қазан қаласында басыдды. ә.Ди-ваев жинаған мақал-мәтелдер “Туркестанские ведомства” дейтін газетте жиі жарияланып тұрды. referattar.kazaksha.info
Достарыңызбен бөлісу: |