7- бөлім Лиро - жпостық жырлар
Егер, батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі — ел қорғау жайы болса, лиро-эпостық жырлардың одан біраз айырмашылығы бар. Ең алдымен, бұл жырлардың оқиғасы халықтың ертедегі жалпы әдет-ғұрпына, үйлену салтына байланысты туған. Онда көбінесе бір-біріне ғашық болған жұбайлар жайы, олардың қуанышы мен арман-мұңы, қайғы-шері суреттеледі. Және де өткен заманда жастардың бас еркі болмағандығы, олардың арман-мүдделеріне жетуі, сүйгендеріне қосылуы жолында көпте-ген бөгеттердің кездескендігі, ол бөгеттерді жеңе алмай ауыр аза, зор қасіретке ұшырағандары жырға қосылады. Бұл ретте халықтық негізде туған лиро-эпос жырлары өткен заманның жастарға жасаған озбырлық әдет-ғұрпын сынға алады.
Батырлар жыры сияқты лиро-эпос жырлары да бірнеше дәуірдің жемісі . Бұл да талай гасырмен бірге жасасып, әртүрлі жағдайларды, таптық, қоғамдық тілектердің ыңғайына қарай өзгеріп отырған. Ұрпақтан ұрпаққа ауызша айтылу түрінде, көптеген өзгерістерге ұшырау арқылы жеткен. Халықтық ортада туған және халықтың көзқарасын, тілегін білдіреді referattar.kazaksha.info
Достарыңызбен бөлісу: |