1-бөлім Ауыз әдебиеті туралы 2-бөлім Тұрмыс салт-жырлары бөлім Бата тілектер



бет19/31
Дата07.01.2022
өлшемі75,1 Kb.
#17144
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
Ауыз әдебиеті толық мәлімет

Сұрақ-жауап түріндегі тест

1. Адамның көңіл - күйін, сезімдерін білдіретін жанр: Лирика

2. «Баяндау» дегенді білдіретін халық ауыз әдебиетінің жанры-Эпос

3. Лирика мен эпикалық тектер элементтерін бірдей қамтитын шығарма : Лиро-эпостық жырлар немесе ғашықтық жырлар

4. Лиро-эпостық жырлар немесе ғашықтық жырлардың басты тақырыбы: екі жас арасындағы ғашықтық, сүйіспеншілік, махаббат, қайғысы мен мұңы

5. Қазақ халқының лиро эпостық жырының бөлінуі: 1. Қазақ халқының төл туындылары



2. Шығыс әдебиеті негізінде нәзира дәстүрінде жазылған қиссалар

6. Қазақ халқының төл туындыларына жататын ғашықтық жырлары: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман - Шолпан», «Мақпал қыз»

7. Шығыс әдебиеті негізінде нәзира дәстүрінде жазылған қиссалар: «Мұңлық-Зарлық», «Таһир -Зухра», «Сейфілмәлік», «Жүсіп - Зылиха»

8. Қазан төңкерісіне дейін лиро-эпостық жырларды жинап жариялауда еңбек сіңірген орыс ғалымдары: В.В.Радлов, И.Н.Березин, Г.Потанин

9. Лиро-эпостық жырлардың ішіндегі 15 нұсқадан тұратын көне мұралардың бірі, ең көркемі: «Қыз Жібек» жыры

10. ЮНЕСКО шешімі бойынша «Қыз Жібек» жырының 500 жылдығы аталып өткен жыл: 2007 жылы

11.«Қыз Жібек» жырының алғаш қағаз бетіне түсіп, жарияланған уақыты: XIX ғасыр 1894 жыл

12. «Қыз Жібек» жырының шыққан уақыты: XIV – XVI ғасырларда

13.Жырда келтірілген жер мен су аттары бойынша жырдың «туған жері». Батыс Қазақстан өңірі

14.1934 жылы жазылған қазақ операсы: «Қыз Жібек» операсы

15. 1970 жылы түсірілген , әлемнің 43 елінде көрсетілген «Қыз Жібек» фильмінің режиссері: Сұлтан Қожықов

16. «Қыз Жібек» жырында 16 көріністен тұратын кейіпкер бейнесі: «Қыз Жібек»

17.Жырдың идеялық мазмұны: әке мен бала арасындағы тартыс, бірін бірі сүйген екі жастың трагедиясы

18.2003 жылы .«Қыз Жібек» мен «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырлары енгізілген топтама атауы: «Еуразия халықтарының эпостары»

19.Тұңғыш рет .«Қыз Жібек» жырын мазмүнын орысшаға аударған орыс зерттеушісі: Е.А. Александров

20. Орыс зерттеушісі Е.А. Александров 1880 жылы «Қыз Жібек» жырын жазып алған ақын: Мұсабай ақын

21. 1894 жылы Зайсан өңірінен .«Қыз Жібек» жырын жинап Қазан қаласында бастырған татар мұғалімі: Ф.Тухватуллин

22. Жағалбайлы елінде өмір сүрген бай, Төлегеннің әкесі: Базарбай

23. Базарбайдың тоғыз ұлының бірдей өлуінің себебі: елге оба ауруының жайлауы

24.Төлегеннің өзіне лайықты қалыңдық іздеген кездегі жасы: 12 жаста

25.Төлегенге саудагердің оған лайықты қыз бар деп айтқан елі: Ақжайықта, Алты шекті елінде

26.Төлегенге Жібекті көрсетуге уәде берген Сырлыбай ханның уәзірі: Қаршыға

27. Төлеген Қыз Жібекті көруі үшін өткен көштің саны: 13 көш

28. Төлеген Шекті еліне бару үшін жылқыдан алған жорға мен жүк пен азық артқан түйе саны: 250 жорға мен қырық нар түйе

29. Төлеген Шекті еліне қай мезгілде аттанады: Наурызда

30.Төлегеннің қайта оралуға Жібекке берген уәделі уақыты: 6 ай

31.Жырда көрініс тапқан бата түрі: Теріс бата

32. Ақ бетінің қызылы

Ақ тауықтың қанындай,

Екі беттің ажары

Жазғы түскен сағымдай,

... Көзі жайнап жанып тұр,

Белі нәзік талып тұр. –деп суреттелген сұлу қыз: Қыз Жібек

33. Қыз Жібекті күш көрсетіп алмақ болған хан: Хорен хан

34. «Қыз Жібек» жырында

Атаңа нәлет ...

Арғыннан шыққан қу екен,

Әккі болған сұм екен, - деп суреттелген бейне: Бекежан

35. «Қыз Жібек» жырындағы ақын, шешен Төлегеннің досы Сансызбайдың ақылшы ағасы: Шеге

36.Қыз Жібектің Сансызбайды зарыға күтуінің үш себебі: 1. Төлегеннің өсиеті





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет