Сұрақ-жауап түріндегі тест
1.Терең ой, кең мазмұн бір ауыз сөзбен тұжырымдалып, даналық қорытынды айтылатын сөз өрнегі :Мақал-мәтелдер
2. Ой тиянақты айтылып, екі бөлімді болып келеді: Мақалдар
3. Ой тұспалдып, ишаралап айтылады, қорытынды жасалмайды: Мәтелдер
4. Мақал - мәтелдерде көп қолданылатын көркемдегіш тәсілдер: шендестіру, әсірелеу, теңеу
5. Белгілі бер затты , нәрсені, табиғи құбылысты, адам болмысын, психологиялық ерекшеліктерін шешемін табуға ыңғайлап, басқа нәрсені қасиет сипаты немесе ірекет қимылы арқылы тұспалдап айтуы: Жұмбақтың негізгі ерекшелігі
6.Жаңылтпаштардың пайда болуы: Көңіл көтеру, балалардың тілін ұстарту
7. Қазақ жаңылтпаштарын ең алғаш хатқа түсіргендер: Ә.Диваев пен М.Ф.Гаврилов
8.Жаңылтпаштың маңыздылығына назар аударған ғалым: С.Сейфуллин
9. С.Сейфуллиннің жаңылтпаш туралы пікірі жазылған зерттеу еңбегі: «Қазақ әдебиеті»
10.Тұспалдау сөзінің мағынасы: Жорамалдау,болжау
11.Жаылтпашқа ең алғаш ғылыми анықтама берген ғалым: А.Байтұрсынов
12.Жаңылтпаштың ең басты міндеті: Бала тілін жаттықтыру
13.Жұмбақта қолданылатын көркемдік тәсілдер: теңеу, метафора
14.Ойнақы сөзінің мағынасы: Қалжыңбас, қуақы
15. Мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті: көлемінің шағындығы, тілдің өткірлігі,мағынасының тереңдігі
Достарыңызбен бөлісу: |