1 Бөлім. Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға 1-тақырып. Психологияға кіріспе


Психологиялық бақылау көмегімен психолог-сарапшы психологиялық зерттеленушінің портреттін құрастырады



бет38/52
Дата16.09.2022
өлшемі251,8 Kb.
#39282
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52
Байланысты:
1 Б лім. Психологияда ы лтты сананы алыптастыру контекстіндег

Психологиялық бақылау көмегімен психолог-сарапшы психологиялық зерттеленушінің портреттін құрастырады.
Сырт келбеті бойынша, мимика, пантомимика, қызметі бойынша, айтқан сөздері бойынша:
Айтқан сөздердің мазмұны бойынша Оның көзқарастар, сенімдер, мақсаттар, жоспарлар, себептер, қажеттіктер, құндылық бағыттарына қарап баға беру керек;
Сөздік қоры бойынша, сөйлемді құру ерекшелігіне, ойларын жеткізу қабілетіне, қойылған сұрақтарға жауап беруіне, оның білім деңгейін анықтау, кәсіби бағдарын анықтау, мәдениеті, ақыл-ойдың дамуы, тапқырлығы, заңға сүйенген мәліметтілікке, ерекшеліктерге және т.б;
• зерттеленушінің жалпы білім деңгейі жайлы, темперамент типін, мінез-құлық ерекшеліктерін және т.б көрсеткіштерін аңықтайды;
• Мимикасы бойынша және экспрессивтік сөз (жалған ақпарат беру), интонациялар, жестикуляция, сөздің айқындылығы бойынша, адамның темперамент типін анықтау, эмоционалдық тұрақтылығын анықтау, өз-өзінді ұстай алуы, ерік-жігердің күші, мәдениеттілігі мен оның бас құндылықтардың жүйесін анықтаға жол береді.
Бақылау кезінде маңызды қылмыс белгілерін анықтау:
Криминалды сөздер: Криминалды жаргонмен сөйлеу. Жаргон – шартты тiл. Негiзгi функциясы - айналадағы адамдарға берiлген ақпараттың мәнiн білдірмеу үшiн қолданылады. Қазiргi кездегi криминалды жаргон жан - жақты қолданумен сипатталады, оның элементтерi қылмыскерлер арасында ғана емес, сонымен қатар құқық қорғаушы мекемелердегi жұмысшылар арасында, депутаттар арасында да кездеседi.
Тату. Егер осы таңбаларды иесінің денесінде орналасуына мән беретін болсақ, олардан кейбір биографиялық мәліметтерді алуға болады. Салыңған тату мағыналық сипатқа ие болады. Таңба салудың түрткі болатын мотивтерінің бірі ретінде мыналарды айтуға болады:
- бостандығынан айырылған қылмыскерлерді өз ортасына қабылдау заңдылығы;

  • сотталғандар арасында өз тұлғасын таныту;

  • атақ, өзінің маңыздылығын көрсетуге ұмтылу, өзгелерге деген үстемдік;

  • таңбалары бар, тәжірибелері мол, беделді қылмыскерлерге еліктеу;

  • жазалау мерзімін өткізген жерлер жайлы өзіндік белгі, қылмыскерлер арасындағы ынтымақтастық (“Братство” белгісі);

  • түрме романтикасы.

Кейде таңба көмегімен қылмысты әшекерлеу кездері де болған. Таңбаның - қару, қарта, стакан (рюмка), шприц деген композициялары екі түрлі мағына береді: бірінші – «жеңіл, көңілді өмірге құмарлық» болса, екіншісі – «бізді құртқан осылар» дегенді білдіреді. Мысық тұмсығы, ұрының сақтығын білдіреді. Иықтағы раушан гүлдің мағынасы: иесі, кәмелеттік жасқа колонияда толған. Бұл таңбалар мағыналары болған оқиға негізінде алынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет