1 Бөлім. Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға 1-тақырып. Психологияға кіріспе


Кеңес беру психологиясының ұйымдастыруда әр психолог мынадай міндеттері



бет41/52
Дата16.09.2022
өлшемі251,8 Kb.
#39282
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52
Байланысты:
1 Б лім. Психологияда ы лтты сананы алыптастыру контекстіндег

Кеңес беру психологиясының ұйымдастыруда әр психолог мынадай міндеттері
орындаулары қажет:
1. Туындаған проблемада клиентке оперативті көмек көрсету. Оперативті
көмек көрсетуде психолог тарапынан берілген кеңес оңтайлы шешімдерді үлестіру
мақсатында болуы керек. Мысалы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың
жақсаруы.
2. Белгілі бір жағдайд ғана берілетін психолог- консультанттың кеңесі.
3. Уақытша көмек көрсету ( яғни депрессиялық жағдайға түскен клиенпен
жұмыс).
4. Егер, тіпті психологтың беретін нақты кеңесі болмайтын жағдайда,
минимальды болсада (аз мөлшерде) көмектесу, кеңес беру.
Психолог-кеңес берушінің міндеті:
1. Клиенттің проблемасын анықтау, яғни клиентте туындаған мәселе қандай
жағдайда екендігінен құлағдар болу.
2. Клиентті өзіндегі пайда болған проблемаларымен құлақтандыру яғни,
түсіндіру.
3. Психолог-кеңес беруші клиенттің өз проблемасын шеше алатындығын
немесе шеше алмайтындығын анықтау.
4. Клиент проблемасының шешу жолдарын қарастыру.
5. Психолог-кеңес беруші элементарлы, өмірлік қажет кеңестерін беру.
Кеңес беру психологиясының әдісі мен түрлері.

1. Психологиялық кеңес беру кезінде әр-түрлі бағыттарды қолдана білу (психоаналитикалық, тәртіптік, гуманистік, гештальт кеңес беру аясында).


2. Клиенттің жас ерекшелігі бойынша психикалқ өзгерістерді есепке алу (бала, жеткіншек, ересек).
3. Ұйымдастырушылық түрі бойынша ( іштей бетпе-бет сөйлеу,хат арқылы, интернет,
телефон арқылы).
4. Клиенттер саны бойынша ( жеке, топтық).
5. Психологиялық проблема бойынша ( тіл,табысу проблемалары, жеке
проблемалар, көңіл-күй проблемалары).
6. Қосымша жүйе ( мектептік, жұмыстық, жанұялық,ерлі-зайыптылық, бизнестік).

Психологиялық кеңес беру түрлеріне тоқталатын болсақ, ол әртүрлі адамдар мұқтаж


болып және әртүрлі жағдайлармен келетіндіктен психологиялық кеңес беруді
клиенттердің жеке ерекшеліктеріне байланысты және олардың проблемалық мүшелеріне
байланысты бірнеше түрге бөлуге болады.
Ең бірінші, жеке тұлғалық психологиялық кеңес беру. Бұл түрге адамдардың жеке
проблемаларына байланысты кеңес елу жатады. Мысалы, адамның арылғысы келетін
психологиялық және мінез-құлықтық кемшіліктер немесе адамдармен қарым-қатынас
арасындағы жеке басына қатысты проблемалар, әртүрлі қарым-қатынастар, жолы
болмаушылық, психогенді аурулар жатады. Бұл жерге соныымен қатар, адамның өз-өзіне
көңілі толмауын, интимді проблемаларды да жатқызуға болады.
Екінші түріне, психологиялық кеңес беруде көп кездесетін және өте маңызды
мәселе отбасының кеңеске жүгінуі. Бұл жерге отбасындағы немесе отбасы мәселесінде
туындайтын әртүрлі жағдайдағы кеңес беруді жатқызамыз. Сонымен қатар, болашақ
жарды таңдауда да психологиялық кеңес өте маңызды.
Үшінші түрі педагогикалық- психологиялық кеңес беру.
Бұл жерде кеңес берушінің клиентпен тәрбие, оқу мәселесі жөніндегі әңгімелерін
ересек адамдардың педагогикалық квалификациясын жоғарлату педагогикалық
басшылық, балалар және ересек адамдардың топтарымен басшылық жасау секілді
мәселелер бойынша туындайтын проблемалардың шешімін табуға бағытталады.
Арнайы практикалық психологиялық білім деп психолог-кеңес берушінің
практикалық қызметімен, оның адамдармен жұмыс жасау барысындағы психологиялық
әдістерді меңгеруімен байланысты білімді айтамыз. Бұл жерде арнайы практикалық
психологтарды жоғарғы оқу орындарында дайындау барысында берілетін, меңгерілетін
білім жайында айтуы керек.
Практикалық жұмыста психолог-кеңес берушіге өте мол тәжірибе қажет. Себебі,
ғылым мен психологияны үйретумен емес, адамдардың шынайы өміріндегі қиын және
күрделі проблемаларымен жұмыс жасауы қажет. Жоғарғы оқу орындарында алынған
білім практикасыз, тәжірибесіз ешқандай нәтижесін бермейді. Психолог консультанттың
ұшырасуы мүмкін жағдайларының ешқайсысының алдын-ала қаралынбайды,
анықталмайды. Сондықтан кез-келген жағдайда психолог-кеңес берушіге тәжірибе
ауадай қажет. Осы айтылғандардың барлығы психолог- кеңес берушінің жақсы-жаман
болуы үшін де маңызды. Біліммен қатар психолог-кеңес берушінің жеке басының да
жақсы, сапалы қасиеттердің болуы керек. Мысалы, ол адамдарды жақсы көруі керек,
олардың жағдайын, күйін сөзсіз түсінуі, ұғына білуі да маңызды роль атқарады. Сонымен
қатар, психолог-консультант шыдамды, жомарт жан болуы да оңтайлы болып табылады.
Ең бастысы, нағыз психолог-кеңес берушінің қасиеті «клиентті түсінуге ұмтылу»
оған өөзін жақсы жағынан көрсете білуіне, жақсы қасиеттерін игере білуіне, өзін тұлға
ретінде қабылдауға көмектесу.
Психологиялық кеңес беруде психолог пен клиенттің жеке
кездесуімен,сұхбаттасуымен басталады.Сұхбат кезінде,яғниалғашқы сұхбатта
танысу,содан соңкеңес қандай жағдайда берілу туралы нақтылық
айқындалады.Консультант психолог клиенімен ауызша ғана танысуы керек, алғашқы
кездесуде клиент туралы карточка толтырылмайды. Клиент өзін таныстырған соң
консультант клиентке өзінің проблемаларын ұқыпты,шыдамды түрде баяндап беруін
сұаранады.Уақыт өте келе психолог-консультант клиентке сұрақ қоя бастайды, яғни өзіне
жағдайларды нақтылау үшін. Психолог-консультанттың сұрағы клиенттің баяндап
отырған тақырыбынан ауытқытпайтын,әңгімесін тоқтаттырып қоймайтын және клиентке
ауыр тимейтін жағдайда болуы шарт.
Консультант-психолог тыңдау кезінде адам есімдерін, уақыттарын, нақты фактілерді
өзіне оңай болуы үшін есте сақтауы керек.Бұл, әрине, оның дұрыс
түсінуіне және дұрыс кеңес беруіне байланысты болады.Кейбір клиентпен
жұмыс кезінде психолог - консультантқа клиентті түсіну, кеңес беру қиынырақ
болады. Ол үшін психолог-консультант клиентпен арнайы бетпе-бет кездесулер
ұйымдастырады. Ал кей жағдайларда клиентті нақты және оның проблемаларын жүйелі
шешу үшін психологиялық тесттерді қолданады. Тест жалпы психолог үшін маңызды
нәтижелерге әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет