1 Бөлім. Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға 1-тақырып. Психологияға кіріспе


Психолог-кеңес берушіге қойылатын жалпы талаптар



бет40/52
Дата16.09.2022
өлшемі251,8 Kb.
#39282
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52
Байланысты:
1 Б лім. Психологияда ы лтты сананы алыптастыру контекстіндег

Психолог-кеңес берушіге қойылатын жалпы талаптар:
- Психолог-кеңес беруші өзінің клиентке берген ұсыныстарына толық
жауапкершілікте болуы керек;
- Психолог-кеңес берушінің практикалық қызметі моральді этикалық және заңды
негіздерге сүйенеді;
- Психолог-кеңес беруші қызметі адамгершілік мақсаттарға бағытталады. Клиенттің
интелектуалды және тұлғаның даму жолындағы кедергілерді жоюға, көмектесуге
бағытталады;
- Психолог-кеңес беруші өзінің жұмысын клиент жеке тұлғасын, құндылықтарын
сыйлау арқылы жүзеге асырылады;
- Клиентпен жұмыс барысында психолог-кеңес беруші шыншылдық пен ашықтық
принциптерін басшылыққа алады.
Кеңес беру психологиясы практикалық психологияның түрі ретінде мынадай
мақсаттар қояды:
1. Клиентке пайда болған проблемаларды оперативтік тұрғыда шешу.Адамдарда
көмекті қажет ететін,тығырықтан шыға алмайтын жағдайға көп түсіп жатады. Сол
жағдайда клиент психолог-консультанттың алдында көп күш жұмсап, көп уақыт алуға
болмайды. Жалпы ауыр проблемаларды оперативті деп атайды. Осындай оперативті
проблемаларға тез арада психологиялық көмек көрсету, яғни ауызша кеңес белу немесе
проблемасын шешу ауыстырылмайды.Мысалы,бала мен ата-ана арасында маңызды
проблема болуы мүмкін, сол кезде олар өзара қарым – қатынас ұйымдастыра алмайды.
Бұл баланың физикалық және психологиялық жағынан да зиян болады.
2. Психолог-консультант өзінің жоғары психологиялық білімінің негізінде клиентте
пайда болған сұрақтарына толықтай жауап іздеуі және өзінің проблемасын баска
адамдардың араласуына жол бермей, өзі шығуын қамтамасыз етуі керек. Психолог тек
кеңес,бағыт қана береді.
3. Клиентке көмек беру кезінде психолог-консультант клиентке ішіндегі жағымсыз
эмоцияларын сыртқа шығаруға көмектесуі керек және ол тек психолог пен психотерапевт
алдында ғана емес,жеке өзара іс-әрекетте де шығара білуі қажеттігін ескертеді.
4. Клиентте өзінің прблемасына деген дұрыс түсінік қалыптасқан кезде, бірақ
толықтай дұрыстығына көзі жетпесе,онда психолог-консультант клиентке кәсіби және
моральді көмек беріп, өзіне толықтай сенім қалыптастыру керек.
5. Клиентпен жұмыс кезінде психолог тек кеңес берудің ғана қажеттілігімен
шектелмей,психокоррекциялық және психотерапиялық көмектің де жеткілікті түрде
проблемесын шешуде оңтайлы көмек болатынын түсіндіруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет