1. Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу



бет4/16
Дата15.10.2023
өлшемі176,85 Kb.
#115333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Теориялық пәндер — математика, жаратылыстану ғылымы, метафизика деп аталған бірінші философия. Кейінгісі болмыс туралы ілім, болмыстың құрамы, себептері және бастауы туралы ілімдерді көрсетеді.


  • Тәжірибелік пәндер — адамдардың іс-әрекеті турлы ілімдер, мысалы этика, саясаттану, экономика, стратегия және риторика


  • Поэтикалық пәндер — ақындық шығармашылық, сурет, музика қатарлылар.

    Аристотель өз философиясында болмыс туралы ілімге, табиғатқа, яғни барлық заттардың негізі болып табылатын алғашқы материяға көп көңіл бөлді. «Метафизика» кітабында Аристотель табиғатты жан-жақты зерттеумен шұғылданды. Табиғат – бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының негізі және “әрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі” болатын болса, екінші жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мәні, “табиғат дегеніміз – форма және мән.


    Метафизика
    Метафизика сөзі Аристотельден басталады. Яғни, физикалық денелер туралы кітаптарының ар жағына оның материалдық емес білім туралы жазбалары жайғасқан көрінеді. Яғни "физиканың кейіні" (гр. τὰ μετὰ τὰ φυσικὰ βιβλία) деген мағынада болған. "Мета" (гр. μετά) деген сөз "ар жағында", "астарында", "тұңғиығында" дегенді білдіреді екен. Демек, метафизика — физика шеше алмайтын, жоғары деңгейдегі бейфизикалық сырлы, күрделі, шүңет, дерексіз ең жалпылық мәселелер туралы ілімді көрсетеді. Кейін ортағасыр христиан ойшылдары метафизиканы тылсымдандырып, табиғат пен өмірден ажыратып, христиандық дүниетанымды растайтын схоластикалық философия жасап шығарды. Неміс ойшылы Фридрих Ницше метафизиканы Платонизм деп атады. Бұл Аристотель ілімін бұрмалаудың тамыры қайда жатқанын меңзеу болатын.
    Аристотельдің өзі метафизика мен теологияны "Бірінші философия" деп те атаған. Рене Декарт осы мағынада өзінің әйгілі «Бірінші философиялық толғаныс» (ағылш. «Meditations on First Philosophy») кітабын жазып, көптеген ойшылдарға бағалатып, "Мен ойлаймын, сондықтан бармын" деген тұжырымды жақтап шықты.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет