1. Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу


Дүниені танып-білудің мәні



бет13/20
Дата14.03.2022
өлшемі101,55 Kb.
#27947
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
1. Болмыс ж не тіршілік. М н ж не бар болу

3. Дүниені танып-білудің мәні. Ақыл-парасат, сана-сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үніледі, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым-қатынасын белгілейді. Осы негізде өзі белсенді іс-әрекетке араласады, мүдделерін, сұранымдарын қанағаттандырады.

Танымның субьектісідеп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Сондай-ақ, субьект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным обьектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынастарды таным обьектісі ретінде қарастыру қажет. Олар субьектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы таным обьектісінеайналады. Адамдардың осындай заттық-материалдық, нысаналы өзгертушілік қызметін практикадеп атайды. Яғни, практика дегеніміз адамдардың табиғатты және қоғамдық құбылыстарды нысаналы түрде өзгертуге бағытталған қоғамдық және материалдық қызметі. Түйсік негізгі екі топқа: 1)сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін түйсіктерге (көру, есту, дәм, тері арқылы сезу түйсіктеріне); 2)дене мүшелері қозғалысын және ішкі мүшелердің жайын бейнелейтін түйсіктерге (тепе-теңдік, бұлшық ет, организм арқылы түйсіну) бөлінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет