1. Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу


Жалпылық пен жекелік байланысы туралы



бет9/20
Дата14.03.2022
өлшемі101,55 Kb.
#27947
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Жалпылық пен жекелік байланысы туралы

Аристотель жалпы мен жеке, ұғым мен түйсік, мән мен құбылыс диалектикасын ұштастыра түсіндіреді және бұл көбінесе Платонның идеализмін сынауға құрылған.

Аристотель ұстазы Платонның зат сол заттың артында тұрған идеяның көрінісі дегенге келіспей, әрбір затта жалпылық қасиет болады, ол бір болса сол заттың қасиеті, бір болса сол затпен басқа заттың байланысын көрсетеді деп есептеді. Мысалы, біз бір алма арқылы жалпы алманың формасы туралы талдау жасай аламыз. Яғни, әрбір жеке алма және алманың жалпы формасы. Немесе, егер алманы кітаптың қасына қойсақ, онда бұл екеуі жақын деп айтамыз және бұл алманы танудың тағы бір әдісі - басқы затпен байланыстырып тану болады.

Аристотельдің пікірінше, мәлім заттың жеке қасиеті емес жалпылық форма өмір сүрмейді. Мысалы, ешбір адамның қасиеті емес жақсы адам деген қасиет өмір сүрмейді, кез-келген жақсы адам деген қасиет міндетті түрде мәлім адамдікі болады. Демек жақсы адам дегеніміз шынайы жалпылық қасиет ретінде мәлім жеке адамның өмір сүруін алғы шарт етеді. Әрине, бұл пікірлер өте қарапайым көрінгенімен, әйгілі ғұлама Платонның жалпылық идея жеке заттарға тәуелсіз дербес өмір сүреді, заттар сол идея негізінде бар болады деген идеалистік пікіріне қарсы айтылған. Ол жалпылық дегеніміз иә заттың кешегі, бүгінге, не ертеңгі мәлім қасиеті ретінде, иә заттар ортасындағы байланыс ретінде ғана мәнді деп есептеді. Демек жалплықты тану заттардың нақты қасиеті мен өзара байланысын тану арқылы анықталады. Ешқашан ешбір заттың мәлім қасиеті, не байланысы ретінде болмаған жалпылық, ол өтірік жалпылық.

Аристотель сондай-ақ жалпылықтың орыны туралы пікірде де Платонмен келіспеді. Платонның ойынша мәлім бір форма әлемі бар, сол форма әлемінде барлық жалпылық орналасқан деп есептеді. Ал, Аристотель жалпылық мәлім бір форма әлемінде емес, әр нәрсенің ішінде, мысалы алманың жалпылық ерекшелігі сол алманың өз бойында деп есептеді. Бұл заттардың артындағы басқа бір форма әлемі бар дегенді жоққа шығарады. Аристотельдің пікірінше, философия пәні жалпылықты тану бола тұрса да, ол жекеленген заттардың (құрамды мәндері) – статуя, мемлекет, т.б. түсіндіре білуі керек. Жекеленген заттардың болмыстығын сезім арқылы білсек, жалпының болмыстығы ой арқылы ашылады.

Аристотельдің “аспан әлемдерін еш уақытта толық көрмесек те, дегенмен біз білетіндерден басқа да мәңгі субстанциялар өмір сүретіні анық” деген пікірі сыртқы дүниенің рух пен санаға бағынбас шындығына күмән тудырмайды және әлем бізбен ғана шектелмейтінін айтады.

Жалпыны танудың шарты: Индукциялық қорытындылау. Ол өз ретінде сезімдік қабылдаусыз мүмкін емес[



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет