1. Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу



бет3/20
Дата14.03.2022
өлшемі101,55 Kb.
#27947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Философия туралы

Аристотельдің философиялық көзқарасы «Метафизика», «Рух туралы», «Категориялар» және «Алғашқы және кейінгі Аналитика» деген шығармаларында жете пайымдалған. Аристотель философияны "шынайы ғарыштың себептерін зерттейтін ілім" деп бағалады. Бұл Платонның философияны "Идеяны тану ілімі" дегеніне қарсы айтылған. Ұстаз да, шәкірт те философияны ғарышты тану деп түсінген. Бірақ ғарышты қалай тану және ғарыштың негізгі мәні не деген мәселеде екеуі екі бағыт ұстанды. Платонның айтуынша, идея барлық нәрсені сомдаған арытқы себеп. Алдымен ғарыштық идея өмір сүреді, ол тұрақты, баянды, бірегей, мәнді, ал құбылыс идеяның көрінісі болып, уақыттық, ауыспалы, өткінші нәрсе[26]. Аристотель бұған келіспеді. Ол әрбір нақты нәрсені негіз етіп ғарышты зерттеудің ғана болашағы бар екенін, егер нақты осы заттар болмаса идея да өмір сүрмейтінін уәж етті. Платонда нақты нәрсе мен идея ортасындағы байланыс күңгірт болып, идея ғарыштың бір қалыбы, үлгісі дегеннен ары ұзамады. Платон нақты нәрсе туралы білім мәнді білім емес, шынайы білім біртұтас идеяны білу деп есептеді. Аристотель тек нақты білім ғана шынайы білім береді, біз өз тәжірибеміз бен зердеміз арқылы нақты нәрселерді зерттегенде барып дүниенің мәнін түсіне аламыз деп есептеді[27].

Аристотель бойынша, философияны зерттеу жеке заттардың қасиетіне бойлау арқылы заттардың ортақ қасиетін игеру деп есептесе, Платон бойынша философия баршаға ортақ жалпылық идеяны тану керек деді. Платон априори (тума білуді) негіз етсе, "Үйрену дегеніміз ұмытып қалған тума біліміңді еске түсіру" десе, Аристотель дедуктивті (жалпыдан жекеге өту, зерделеп білу) және индуктивті (жекеден жалпыға өту, тәжірибеге сай білу) логиканы негіз етіп логикалық ақыл мен тәжірибелік бақылауды басты назарға алды.

Аристотель ғылым классификациясында онтологиялық философияны ең жоғары орынға қояды. Басқа ғылымдар болмыстың кейбір жақтарын ғана зерттеумен шұғылданса, онтологиялық философия болмыстың жалпы табиғатын зерттейді деп есептеді.

Философияның басқа ғылымдардан артықшылығын Аристотель былай деп түсіндірді: “Шындығында даналық бүтіндей үстемдік құрушы, жетекші ғылым болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан мақсат пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады.” (Метафизика, М., 1934,с45).

Аристотель айтқан "Табиғат философиясы" сөзі табиғат дүниесіндегі қозғалысжарықфизика заңдары қатарлылы құбылыстарды зерттеуге қаратылады. Бұл араға бәлен ғасыр салып қазіргі заманның ғылымына, ғылыми зерттеу методикасына арқау болды және арнайы пәндер болып философиядан бөлінді.

Қазір философия десе көбінесе метафизика саласы көзде тұтылады, бірақ табиғат дүниесін ғылыми зерттеу айтылмайды. Өйткені табиғатты танитын ғылым әлдеқашан философиядан бөлініп кеткен. Аристотель заманында философия барлық білім қабатын түгел қамтыған болатын.

Негізінен айтқанда, Аристотель философия мен логикалық тұжырымдауды бір нәрсе деп есептеп, философияны ғылыми түсінді. Яғни, ғарыш туралы, не басқа туралы кез келген ойда ғылыми логикалылық болса, онда ол философия есептеледі. Бұл қазіргі ғылымдар философиядан бөлініп кеткен замандағы нақты ғылымдардың түрлі ғылыми әдістеріне ұқсамайды.

Аристотель бойынша, ғылым (логикалық тұжырым) дегеніміз не нақты, не қиялдауға болатын, не теориялық нәрсе. "Нақты" дегеніміз этика, саясаттану секілді қолданылу мағынасы бар екендікті білдірсе, ал "қиялдауға болатын" деген сөз поэтика, эстетика секілді тек елестету арқылы түсінуді көрсетеді. Ал теориялық дегеніміз физика, математика, және метафизика секілді терең зерттеу, толғаныс салаларын көрсетеді.

Метафизика мен философия Аристотельдің анықтамасы бойынша "пішінсіз затты тану", яғни "бірінші философия", "теориялық философия", немесе "ең жоғары дерексіз қабаты тану" деп атады. Ал, логиканы (анализдеу) осынау жоғары деңгейдегі философияны үйренудің алғашқы сатысы деп есептеді.

Аристотель Философияны 3 негізгі пәнге бөлді:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет