1. Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу



бет6/20
Дата14.03.2022
өлшемі101,55 Kb.
#27947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
「Қозғатушы себеп」 (лат. Efficient Cause) — заттың қайдан пайда болғаны, не әсер еткені, неден жаралғаны, неден өзгеріп келгені. Ол заттар өзгерісінің себебін көрсетеді. "Не өзгертті?", "Қандай себеп оны осы күйге жеткізді" дегендей. Ол барлық затаралық дәнекерді де, органикалық және бейорганикалық заттардың қозғатушы себептерін де қамтиды.

  • 「Мақсат себебі」 (лат. Final Cause) — егер зат туралы болса оның қандай керекке жарайтыныпайдасымаңызықұныөнімі; ал егер адам туралы болса ол қандай мақсатпен өмір сүретіні, ертең кім болмақшы екені, оны жетелеп жүрген (қазіргі заман психологиясындағы "мотивация ілімі" секілді) арманерікзердебейақылэтиканиетқалауталапталпынысқұлшыныс қатарлылар белгілі әрекетке алып барады. Зат атаулының өмір сүру себебі мәлім мақсат бойынша болады. Мысалы бір қашалып біткен мүсін мүсіншінің мақсатын көрсетеді. Дегенмен, Аристтотель де Сократтың ықпалына ұшырап, затта да адам секілді біртұтас мақсат болады және біртұтас мақсатқа талпынады, барша дүние ізгілікке талпынады деп есептеген. Бұл ғылымда телеология (мақсат ілімі) деп аталады.

    Бұдан басқа, заттар ортасындағы өзара әсер нәтиженің қалыптасуына әсер етеді. Ешбір зат заттардан оқшау өмір сүре алмайды. Мысалы, тазалық жұмысы арқылы көркем тұрмыс жаратуға болады, болмаса керісінше нәтиже келіп шығады. Мұнда екі істің (тазалық пен көркем тұрмыс) ұқсас барысы және қасиеті болған жоқ, бірақ бірі бүкіл істің басталуы, екіншісі бүкіл істің нәтижесі.

    Аристотель алғашқы кезде өзаралық, немесе айналымдық себеп байланысын ортаға қойып, заттар арасындағы өзаралықтың заттарға әсерін түсіндірді. Бірақ ұқсас істің мүлде кері нәтижесі болатынына да назар аударды.

    Аристотель екі түрлі себеп байланысы моделін айқындады: дәстүрлі (қалыптасқан) себеп байланысы және кездейсоқ (өзгеретін) себеп байланысы. Мейлі дәстүрлі, мейлі кездейсоқ себеп болсын, бәрі түгел астыртын, не нақты, айырым, не жалпылық қасиетте болады. Бұл Жалпылық себеп, Айырым себеп, Нақты себеп, Астыртын себеп деген секілді маңызды ұғымдарды қалыптастыруға жол ашты. Шынтуайтында, себеп байланысы себеп пен нәтиже арасында "уақытты (уақытқа тән) өзара байланыс" сөзсіз болатынын көрсетпейді.

    Себеп байланысын ішкерлей зерделеу арқылы түрлі себептер дәрежеге жіктелді. Мысалы, мақсат, қозғатушы, материал, форма тәртібі (Томас Аквинат осыны жақтады), немесе, барлық себепті байланыстарды материал және қозғатушы себеп арқылы түсіндіру, немесе, тек қозғатушы арқылы түсіндіру (Детерминизм (белгілеу теориясы)), немесе, біржүріс, бірқатар табиғат құбылыстарының өзара әсерлесуі (жаратылыстану ғылымдары заттардың қайдан, қалай пайда болғанын ғана түсіндіреді, ешқашанда не үшін пайда болғанын, пайда болғаннан кейінгі жағдайды түсіндірмейді).

    Аристотельдің пікірінше, заттың мәнін түсіндіруде осы аталған себептердің бәрі бірдей қамтылуы қажет дей тұра, әсіресе форма мен материалдың байланысына айырықша мән берді. Жез мүсіннің мәнін түсіну үшін, әрине ең алдымен оның субстратын (құрамы, материалы) алып қарастыру керек. Бірақ, тек жездің өзінен мүсіннің эстетикалық сезімі қалай туатынын түсіну мүмкін емес. Сондықтан зерттеуді әрі қарай жалғастыра білуге тура келеді. Осыдан келіп: «Мүсіннің мүсін болуы неліктен?» – деген сұраққа Аристотель: «Формадан», - деп жауап берді. Аристотель философиясында форма заттың мәні әрі іс-әрекеттің көзі болып табылады. Аристотель материя дәрменсіз, формаға тәуелді деп түсіндірді. Формасыз материя өмір сүріп, тұтастыққа ие бола алмайды. Сонымен Аристотель форманы алуан түрлі мазмұны бар (түр, себеп-мақсат, құдірет) белсенді және жасампаз шығармашыл бастама деп сипаттайды. Аристотель форманы бірден-бір белсенді күш, алғашқы түрткі және материядан бұрынғы нәрсе, құдірет (форманың формасы) деп түсінді.

    Аристотель айтуынша: «Табиғат — бұл материядан формаға өтудің бірінен кейін бірі келіп отыратын тізбегі». Аристотель материяда пассивті бастауды көрді. Ал активтілікті тек формаға ғана таңды. Қозғалыс пен мақсат та формадан бастау алады. Қандай қозғалыстың формасы болмасын, қайнар көзі - құдай деп білді. Құдай объективтік сипатта болды.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет