Мектеп: Сынып: Мерзімі: Ата-аналар саны: Сынып жетекші: Нұрланова М.Н Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Баланың бас ұстазы ата ана»
Мақсаты:
Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту. Міндеті: 1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі. 2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі. 3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы. Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз, Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест
Ресурстары: (материалдары, көздері) Видеожазба-лар, слайд, үлестірме парақтар мен шамдар, әуен.
Жоспар (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)
1. Жиналыс барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі: Ата аналарды отырғызу Парақшалар тарату 2. Кіріспе: 1. Жиналыс мақсатын айту Кіріспе сөз. Мұғалім: Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.