Төрт себеп ілімі
Аристотель бойынша табиғат себептілік байланысы бойынша өмір сүреді. Бұл себеп байланысы жаңа дәуірде (ХVI-XVIII ғ.) дәріптелген себеп-салдар теориясына ұқсамайды. Себеп байланысы "не үшін?" деген сұраққа байланысты айтылған. Ал детерминизм болса «салдар», «нәтиже» дегенге салыстырмалы айтылады.
«Метафизика» еңбегінде және басқа да еңбектерінде Аристотель заттарды табиғатын түсінудің төрт себебін көрсетеді. Олар: Материал (құрамы) себебі, Форма (құрылым, пішін) себебі, Қозғатушы (келіп шығуы) себебі, Мақсат (көздеу) себебі.
「Материал себебі」 (лат. Material Cause) — заттың неден құралғаны. Яғни, бөлшегі, мүшесі, материалы. Кез келген зат мәлім бөлшектен, құрамнан, алғышарттан, материалдар бірлестігінен құралады. Заттың құрылымы дәл осы құрамдарға қатысты болады. Құрамы қалай болса ол заттың сондай қасиеті болады. Осынау құрамдар арқылы бір бүтіндік (жүйе, құрылым, қалып, бірігу, толықтық, араласу) пайда болады. Мысалы, мүсінге пайдаланылған мәрмәр тас мүсіннің материал себебі есептеледі.
「Форма себебі」 (лат. Formal Cause) — заттың құрамдарының ұйымдасып қандай пішін қалыптастырғаны. Затқа қалай анықтама беру оның пішіні, күйі, мәні, бүтіндігі, қалыптасу ережесі, заттың зат болуында негіз болған заң-қағидасына байланысты. Мысалы, мүсіннің жобасы мен дизайны мүсіннің форма себебі есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |