5. Дәріс тақырыбы: Онтология және метафизика
Оқу нәтижелері Ойлау мәдениеті және ой-өрісі кең, жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін гуманитарлық пәндер саласындағы базалық негіздерді біледі және түсінеді
2. Дәріс жоспары:
1. Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу.
2.Онтология болмыс туралы ілім
3.Бар болудың онтологиялық құрылымы. Болмыс және бейболмыс(Парменид, Зенон)
4.Болмыстың түрлері. Платон мен Аристотельдің философиясындағы болмыс мәселелері. .Әл Кинди, Ибн Рушд концепциялары
5.Жаңа заман философиясындағы субстанция мәселесі(Р.Декарт, Б.Спиноза,Г.Лейбниц).М.Хайдеггердің «фундаментальды онтологиясы»(Dasein).
3. Дәріс тезистері:
1. Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен өте мақызды дүниетанымдық “әлем деген не” сұрағына жауап беріледі. Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз - бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес. Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде болмыс құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский). Қайта Өркендеу, әсіресе Жаңа Дәуірден бастап жаратылыстану - механика, математика, физика үлкен қарқынмен дами бастайды. Болмыс-жаратылыстану мен адамның практикалық іс-әрекетінің негізгі объектісі болып табылатын табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді. Адам бұл уақытта табиғаттың жоғарғы жеңісі, күрделі механизм деп түсіндірілді. Пантеизм аясында табиғатта Құдай бастамасы тоғытылған. Бұл уақытта Дж.Бруно әлемнің көптігі идеясын ұсынды. Философияда, өнерде адамның керемет күштілігі, ұлылығы туралы идеялар кеңінен тарай бастаған. Болмыс теориясына Н.Коперник, И.Ньютон үлкен үлес қосқан. Немістің классикалық философиясы болмыс туралы ілімдердің екі бағытын біріктірді. Мәселен, Гегель нағыз болмыс деп абсолюттік идеяны, ал Л.Фейербах болмысты табиғат деп қарастырған. Келтірілген түсініктерді жинақтай отырып, болмыс дегеніміз- дүниеде бар барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді білдіретін ұғым деп анықтауымызға болады. Ол шексіз көп материалдық және рухани әлемдегі барлық құбылыстарды білдіреді. Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе - болмыс. Яғни, ол заттар мен руханилық әлемін, өтпелі мен мәңгілікті білдіреді. Философиядағы бұл ұғым өте кең мағынада қолданылады, ол пайда болған, әлі де пайда болатын барлық құбылыстарды білдіреді. Біріншіден, табиғат болмысы - онық күллі заттары, құбылыстары, процестері. Ғылыми көзқарас бойынша, табиғат адамнан тыс, тәуелсіз мәңгі өмір сүреді. Ол барлық жерде, тіпті адамның өзінде де бар. Табиғатты өзгерту нәтижесінде адам күрделі де жан - жақты екінші табиғатты, яғни жасанды заттар, қатынастар, процестер әлемін, немесе мәдениетті тудырды. Мәдениет-адам іс-әрекетінің жиынтығы, оның өмірінің жаңа әлемі. Екіншіден, бұл тән мен рухтың, табиғилық пен әлеуметтіктің бірлігінен тұратын ерекше тірі жан-адам болмысы. Табиғат дамуының жемісі мен жеңісі бола отырып, адам өзіндік таптырмайтын ерекше рухани әлемнің иесі. Гетеның әр адам бұл фәниден аттанғанда, онымен бірге букіл адамзат тарихы да өледі дегенініқ мәні осыда болса керек. Үшіншіден, бұл-адамдардың рухани іс-әрекетінің өзара қарым-қатынасының әлемі болып табылатын қоғамдық болмыс. Қоғам адамның ойы мен еркі әрекет ететін сфера, мұның өзі оған ерекше тыныс береді. Әрине, қоғам ең алдымен, өз заңдылықтарымен өмір сүреді (саясат, экономика, т.б.). Сонымен қатар, ол табиғатпен де етене байланыста. Төртіншіден, бұл-руханилық әлемі. Руханилық-өзіндік ерекшілігі мол реалдылық. Ол көзге түспейді, қолға ұсталмайды, бірақ адам іс-әрекетінің бәрінде көрініс табады. Бұл адамдардың практикалық іс-әрекетінде орын тепкен-сезім мен идеялардың, эмоция мен образдардың, ұғымдар мен түсініктердің әлемі. Руханилық болмысына жеке сана да кіреді. Мұнда З.Фрейд адам психикасының қара күштері деп бағаланған бейсаналық та орын тепкен. Руханилық-бұл дін, мораль, өнер, ғылым, құқық формасында өмір сүретін қоғамдық сана. Болмыстың барлық түрі өзіндік заңдарына сүйеніп, өмір сүреді, физика, биология, антропология, социологияның зерттеу объектілері болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Болмыс - адам өмір сүретін әлем. Оның тылсым сыры танымның ғылыми және ғылымнан тыс әдістерінің көмегімен ашыла береді деп көзделген.
Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы — болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды . Болу жолдары және сан алуан құндылықтар — бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол — болу.
Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін – ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.
Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырма тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады:
1) табиғат болмысы немесе заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғат заттары мен процестері және адамдар жасаған заттар, процестер болмысына бөлінеді;
2) адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;
3) рухани (идеялық) болмыс, бұл жеке адамның рухани болмысы (идеясы) және объективтендірілген (жалпы адамдық) рухани болмыс болып жіктеледі;
4) әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестегі жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді.
Адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуы қоршаған ортаның, қажетті алғышарттардың, жағдайлардың болуына байланысты екені белгілі. Басқаша айтқанда, тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның өмір тіршілігінің, қызмет-әрекетінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған табиғи ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналды. Бұрын табиғатта дәл осындай дайын күйінде болмаған, адамдар өз қолы мен ақыл-ой күші арқылы жасап шығарған, өндірген жаңа заттар мен процестердің, жағдайлардың тұтас дүниесі пайда болды. Ғылымда мұны «екінші табиғат» деп те атайды.
Бірінші табиғаттың ерекшелігі неде? Табиғат адам атаулы пайда болғанға дейін болды, өмір сүрді. Адам мен оның санасы пайда болғаннан кейін де ол өз болмысының тәуелсіздігін сақтайды. Әлбетте, табиғатты, оның заттарын, процестерін, құбылыстарын, өзгеріске түсу және даму заңдылықтарын санасына қабылдап, ой елегінен өткізуші, айтушы – адамдар. Табиғаттың өзінен тәуелсіз, санасынан тысқары, дербес өмір сүретінін, оның өзінен көп бұрын пайда болғанын толық мойындап, сенімді тұжырым жасаған да – адамдар. Бұл тұжырымға олар бүкіл адамзаттық әлеуметтік-тарихи тәжірибе негізінде өмірлік фактілерді саралау, ғылыми-зерттеулер мен жүйелі дәлелдемелер нәтижесінде келді.
Сөйтіп, болмыстың негізгі әрі айрықша түрі есебіндегі төл табиғаттың, яғни бірінші табиғаттың басты ерекшелігі – оның адамнан бұрын пайда болып, адам санасынан үнемі тыс әрі одан мүлдем тәуелсіз өмір сүре алатындығы болып табылады. Табиғат тұтас алғанда кеңістік пен уақыт тұрғысынан шексіз – ол әрқашан және қайда болса да болған, бар және бола береді. Бұл табиғаттың жекелеген нақты заттарына, процестеріне, құбылыстары мен жайкүйлеріне тән емес, бірегей ерекшелік. Өйткені, олар нақты бір жерде өмір сүреді, бар болып табылады, екінші бір кезде олар жоқ, өмір сүрмейді: олар бірде бар, енді бірде жоқ, бір кезде пайда болады, тағы бір мезгілде дәл сол күйіндегі өмір сүруін тоқтатады. Жерге түскен ұрықтан немесе тамырдан ағаш көктеп шығады, толысып өседі, мезгіл жеткенде қурап калуы мүмкін, тағы басқалары. Демек, заттарының, процестерінің, құбылыстары мен жайкүйлерінің болмысы өткінші, өшпелі. Олардың болмысы не болмыссыздығы ауыспалы, қалыптасу, даму, өзгеру процесі кезектесіп отырады. Мәселен, әр адам дүниеге үлкен үміт, асқақ арманмен келеді. Қоғамдық қатынастарға араласып, тіршілік жасайды, өмірдің ащы-тұщысын татады, шама-шарқынша із қалдырады. Сөйтіп жүргенде қас-қағым сәттей болып бұл жарық дүниеден өтіп кеткенін білмей де қалады. Үлкендердің «сағым дүние, жалған дүние» деп ой толғап отыратындығы да сондықтан. Өйткені, заттың болмысы оның болмыссыздығына орын босатады. «Аумалы-төкпелі дүние» деген ұғым, бір жағынан, осыны білдірсе керек. Алайда мұның бәрі тұтасынан алғандағы табиғат болмысының тоқталуын білдірмейді. Жоғарыдағы мысалдарда көрсетілгендей, зат қиратылады, адам өледі, бірақ олар дүние болмысының тұтастығынан жоғалып кеткен жоқ, олар болмыстың басқаша материалдық жай-күйлеріне ауысып кетті. Сонымен, табиғат болмысының тағы бір ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік тұтастық ретіндегі табиғат дүниесінін тұрақты әрі түпкілікті болмысындағы жекелеген мәндердің өтпелі және тұрақты болмысының диалектикасын танытады.
Табиғат – объективті шындық, ол алғашқы, онсыз адамзаттың өмірі мен қызметі де мүмкін емес. Табиғатсыз адам жасап шығарған заттар мен процестер, яғни «екінші табиғат» та пайда бола алмас еді.
Шынында да, бізді қоршаған заттар мен құбылыстардың көпшілігі – адамның табиғат дүниесін өзгертуінің нәтижесі. «Екінші табиғат» қатаң түрде біріншісіне, шынайлы, төл табиғатқа тәуелді және соның туындысы. Болмысының түрпаты жағынан адам жасаған заттар мен құбылыстар табиғат дүниесіне ұқсас, олардың ортақ қасиеттері мен даму, өзгеру заңдылықтары айтарлықтай жеткілікті. Дегенмен, «екінші табиғаттың» өзіндік мәнді ерекшеліктері де бар. Сонда екінші жасанды табиғат дүниесінің шынайы төл табиғаттан айырмашылығы неде? Ең әуелі, оны жасап дүниеге келтіру барысында адам табиғат байлығын, табиғи материалдарды пайдаланып, өңдеуі. Екіншіден, «екінші табиғат» дүниесін жасауда адамның еңбегі, іс-тәжірибесі және білімі пайдаланылды. Үшіншіден, «екінші табиғат» бұйымы ермек үшін жасалмайды. Оны дүниеге келтіру адамдардың әлеуметтік өмірдегі белгілі мұқтаждарынан, мақсат-мүдделерінен туындайды. Яғни оның қоғамдық-әлеуметтік маңызы, атқарар міндеті, алар орны бар деген сөз. Айталық, бүгінгі өмірдің қай саласында болсын электронды аспаптар мен приборлар, түрлі қондырғылар мен машиналар еркін қолданылады. Оған тіпті бойымыз да, ойымыз да әбден үйренген. Олар табиғат қойнауынан алынып, адам қолымен өңделген түрлі металл, пласмасса, тағы басқалары материалдардан жасалған. Сонда оларды өмірге келтіру ғылыми жетістіктердің, ақыл-ойдың, білім мен тәжірибенің нәтижесі екеніне дау жоқ. Оларды пайдаланып, іске қосу да адамдардан үлкен білімді, қабілетті, материалдық мүмкіндіктерін талап етеді. Ал оларды қолданудың қажеттігі де өмір талабынан туған заңдылық. Сөйтіп, екінші табиғат бірінші табиғаттың заңдылықтарына бағынатын төл туындысы, оның материалдарынан адамның білімі, еңбегі, тәжірибесі және дағдысы негізінде қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында жасалады. Яғни, «екінші табиғат» болмысы – табиғат – рухани-әлеуметтік тұтастық құрайтын нақтылы ақиқат. Ол мәні жөнінен әлеуметтік-тарихи сипатқа ие, адамзат қоғамының құрамдас бөлігі, төл табиғат пен қоғамды жалғастырушы басты дәнекер. Сондықтан да, бір жағынан, қоғам мен «екінші табиғаттың» үнемі үйлесін тауып отыру қажеттігі еш уақытта маңызын жоймайды, екінші жағынан, «бірінші табиғат» пен «екінші табиғаттың» ортақ заңдылығын, бір тұтастығын, бірегей болмысына қатысты олардың өзара байланысын сақтап, реттеп отыруы да заманымыздың көкейтесі жалпы адамзаттық мәселесі болып табылады.
Адам болмысы екіге бөлінеді:
1) рухани болмыс — сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет — тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады. Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар — кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б.
2)Әлеуметтік болмыс- екіге бөлінеді: тарих процесінде жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс — ол жалпы ұғым, оның даму заңдары болады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстылығын байқаймыз.
2.Болмыс категориясы, оның мәні мен мағынасына философиялық талдау. Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет. Рухани болмыс Рухани болмыс сана мен санасыздық прроцестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет – тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады. Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар – кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б. Болмыс түрлері: Табиғат болмысы - табиғи заттар мен процестер адам болмысы - заттар дүниесіндегі адам болмысы, адамның өзіндік болмысы. рухани болмыс –субъективті психологиялық шынайлық сферасындағы – сана. әлеуметтік болмыс – ақылды тіршілк иелерінің қауымдастығы ретіндегі қоғам.
Болмыс ұғымын түсіндірудің екі бағыты Парминидтік түсінік Болмыс - өзгермейтін, біртекті, қозғалмайтын, өзіне-өзі тең. Гераклиттік түсінік Болмыс – өзермелі, мәңгілк қалыптасу жағдайында болады.
Болмыс, оның негізгі формалары. Адам болмысының ерекшелігін сипаттаңыз . Заттар, дүние адам болмысына және өзіндік болмыс болып жіктеледі. “Болмыс” ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”, “бар болу” деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған. Заттар болмысы “бiрiншi табиғат”- барлық материалдық денелердiн, табиғи процесстер мен күйлердiн болуы. Мысалы: Жер планетасы, бүкiл Ғалам, теңiздер мен мұхиттар, ормандар мен таулар, флора мен фауна, қазба байлықтар т.б. Олардың бәрi адамнаң тыс, оған тәуелсiз өмiр сүредi. Бұл табиғат объективтi реалдық, адам мен оның санасына алғанда бiрiншi, өйткенi адамның өзi табиғаттың бiр бөлiгi, және табиғатсыз оның өмiр сүруi мүмкiн емес. Табиғат және әлеуметтiк жан ретiнде адам болмысы адамның заттар әлемiнде өмiр сүруiн бiлдiредi. Адамның өзi, денесi бар жан ретiнде зат болып табылады. Бiрақ бұл ерекше зат, ойлай алатың, “пiкiрiн айта алатың” (Кант). Оның екi қырлығы оның болмысың айқындайды. Адам – бұл шынында да “ойлай алатың” зат, өзiн адам ретiнде сезiп түсiне алатың, өзiн қоршаған дүниеден ажырата алатың, өз iстерiне баға берiп рны өзгерте алатың, өзiнiн денесi мен рухын дамыта алатың жан.Адамның тағы бiр ерекшiлiгi, жануарлар мен салыстыра қарағанда, ол өз денесiне тәуелдiгi салыстырмалы. Өйткенi, кейбiр тәндiк қажiттiлiктерiн қанағаттандырған да, оларды әлеуметтiк ережелер мен нормалар мен келiстiрiп, оларды бақылап, реттей алады.Адам болмысының тағы бiр қыры, ол көптеген, сан алуан түрлi әлеуметтiк қатынастармен байланысты. Ол сол қатынастардың туындысы, сонымен қатар оларды тудырушы.Адам болмысының ерекше белгiсi, оны болмыстың басқа түрлерiнен айрықшалайтың, тiл болып табылады. Тiл адамдар қатынастарының қажеттi құралы. Тiл-әлеуметтену құралы. Тiл ден тыс бола тұрып адам өзiнiң мәнiн жоғалтады.Және, жоғарыда айтқандай, адам болмысының ерекшiлiгi оның екiншi табиғатты жасауы.Әлеуметтiк болмыс- бұл адамдардың бiрлескен болмысы, бiркелкi, дамып отыратың жүйелердi құратың олардың арасындағы алуан түрлi қатынастар, ең маңыздысы экономикалық. Ал бұл жүйенiн бөлiмшесi ретiнде бiлiм беру саласын атауға болады, бұл процесс негiзiнде адам тұлға ретiнде қалыптасып, әлеуметтенедi. Рухани болмыс (саналы, санасыз феномендер, олардың нәтижелерi идеялар, принциптер, нормалар мен ережелер, бiлiмдер т.б.)
3. Элей мектебі - б.з.д. 6 - 5 ғғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды.
Достарыңызбен бөлісу: |