1 Цикл уроков: Әйелдер жайлы қырық хадис


Он алтыншы хадис. Қалыңдықты көру



Pdf көрінісі
бет30/37
Дата27.09.2023
өлшемі243,74 Kb.
#110892
түріУрок
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
Он алтыншы хадис. Қалыңдықты көру
ﻢﻠﺳو ﻪﻴﻠﻋ ﻪﻟا ﻠﺻ ﻪﻟا لﻮﺳر لﺎﻗ : لﺎﻗ ﺮﺑﺎﺟ ﻦﻋ:
ةأﺮﻤﻟا ﻢﻛﺪﺣأ ﺐﻄﺧ اذإ
ﻞﻌﻔﻴﻠﻓ ﺎﻬﺣﺎﻧ ﻟإ هﻮﻋﺪﻳ ﺎﻣ ﻟإ ﺮﻈﻨﻳ نأ عﺎﻄﺘﺳا نﺈﻓ
دواد ﻮﺑأ هاور
Джәбирден (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың
игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер сендерден біреу қызға құда түссе, оны
үйленуге итермелейтін себепке қарауға мүмкіндігі болса, қарасын»» (Әбу Дәуд).
Бұл хадис неке қиюдан бұрын орындалатын ең маңызды сүннеттердің бірін белгілеп берген.
Ол – күйеу жігіттің қалыңдықты көруі.
«Оны үйленуге итермелейтін себепке қарауға» деген сөз қалыңдықты көру керек екенін
білдіреді. Өйткені, еркектің қандай да бір қызды болашақ жары ретінде таңдауына оның көркі
де бір себеп. Сондықтан, жігіттің өз қалыңдығын неке қимас бұрын көргені абзал.
Екі тараптың кездесуі өздерінің ұлттарының салт-дәстүріне сәйкес өткізілсе, онда тұрған еш
әбестік жоқ. Бірақ, сол салт-дәстүр Шариғатқа қайшы келмеуі тиіс.
Сонымен қатар, бұл хадис неке қиылып, екі жас үйленгеннен кейін әйелдің ерінің алдында
әрдайым әдемі болып жүру үшін барын салуы керектігін меңзейді. Себебі, күйеуінің оған
үйленуіне түрткі болған нәрселердің бірі – оның сұлулығы.
Бұған (құда түсуге және т.б.) екі жақтың да ағайын-туыстары ат салысуы керек. Мұны бәрінен
жасырын түрде өткізу дұрыс емес, себебі, көпті көрген үлкен кісілердің де ақыл-кеңестерін
елеусіз қалдырмай, жете бағалай білген жөн.
Бірақ, әрине, ерлер мен әйелдердің емін-еркін сөйлесіп, араласуы қалыпқа айналған қазіргі
заманда бұлай бола бермейтінін білеміз. Бүгінде кейбір ғұламалардың, шейхтардың және
салиқалы жандардың ғана отбасыларында неке осы хадиске сәйкес қиылады.


32
Әһлү-с-Сүннеттің жаңа, жас буынының міндеті – осы хадисте меңзелген нәрсені өмірімізде
қалыпқа енгізу. Кейбір «әлімдердің» сақал қоймайтынын немесе тағы басқа да Сүннетті
орындамайтынын айтып, шағынудың орнына ұмыт болған Сүннетті жаңғыртуды өзіміз қолға
ала бастасақ, біздің мәнхаджымыз сол болмақ. Әне, сонда Алла біздің үндеуімізге берекет
береді.
Исламға шақырумен айналысатын әрбір адам мынаны ұғып алуы қажет: егер жасап жүрген
үндеуі оның өзіне ықпал етпесе,өмірін өзгертпесе, онда бұл форумдарда белсенділік таныту
және құрғақ сөз боп қала береді де, шынайы өмірден ешқандай көрінісін таппайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет