1 Цикл уроков: Әйелдер жайлы қырық хадис


Он төртінші хадис. Бүлік тудырушы әйелдер



Pdf көрінісі
бет28/37
Дата23.12.2022
өлшемі243,74 Kb.
#59305
түріУрок
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Байланысты:
✨Әйелдер жайлы 40 хадис

Он төртінші хадис. Бүлік тудырушы әйелдер
ﻪﻴﻠﻋ ﻪﻟا ﻠﺻ ‐ ﻪﻟا لﻮﺳر لﺎﻗ : لﺎﻗ ‐ ﺎﻤﻬﻨﻋ ﻪﻟا ﺿر ‐ ﺪﻳز ﻦﺑ ﺔﻣﺎﺳأ ﻦﻋو
ﻪﻴﻠﻋ ﻖﻔﺘﻣ . ءﺎﺴﻨﻟا ﻦﻣ لﺎﺟﺮﻟا ﻠﻋ ﺮﺿأ ﺔﻨﺘﻓ يﺪﻌﺑ ﺖﻛﺮﺗ ﺎﻣ : ‐ ﻢﻠﺳو
Усәмә ибн Зәйдтан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған
Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Өзімнен соң еркектерге
әйелдерден асқан сынақ қалдырмадым» (әл-Бұхари мен Муслим).
Ибн Хәджәр«Фәтхәл-Бәриде» былай деген:
ﻦﻳز ﻟﺎﻌﺗ ﻪﻟﻮﻗ ﻪﻟ ﺪﻬﺸﻳو ، ﻦﻫﺮﻴﻐﺑ ﺔﻨﺘﻔﻟا ﻦﻣ ﺪﺷأ ءﺎﺴﻨﻟﺎﺑ ﺔﻨﺘﻔﻟا نأ ﺚﻳﺪﺤﻟا ﻓو
ﺔﻴﻘﺑ ﻞﺒﻗ ﻦﻬﺑ أﺪﺑو ، تاﻮﻬﺸﻟا ﺐﺣ ﻦﻣ ﻦﻬﻠﻌﺠﻓ ءﺎﺴﻨﻟا ﻦﻣ تاﻮﻬﺸﻟا ﺐﺣ سﺎﻨﻠﻟ
ﻦﻣ اﺪﻟو ﻞﺟﺮﻟا ﺐﺣ ةﺪﻫﺎﺸﻤﻟا ﻓ ﻊﻘﻳو ، ﻚﻟذ ﻓ ﻞﺻﻷا ﻦﻬﻧأ ﻟإ ةرﺎﺷإ عاﻮﻧﻷا
نﺎﻤﻌﻨﻟا ﺔﺼﻗ ﻚﻟذ ﺔﻠﺜﻣأ ﻦﻣو ، ﺎﻫﺮﻴﻏ ﻦﻣ هﺪﻟو ﻪﺒﺣ ﻦﻣ ﺮﺜﻛأ هﺪﻨﻋ ﻫ ﺘﻟا ﻪﺗأﺮﻣا
مﺪﻋ ﻦﻬﻴﻓ ﺎﻣ ﺮﺷأو ﻦﻬﻠﻛ ﺮﺷ ءﺎﺴﻨﻟا : ءﺎﻤﺤﻟا ﺾﻌﺑ لﺎﻗ ﺪﻗو ، ﺔﺒﻬﻟا ﻓ ﺮﻴﺸﺑ ﻦﺑ
ﻪﻴﻓ ﺎﻣ ﻃﺎﻌﺗ ﻠﻋ ﻞﺟﺮﻟا ﻞﻤﺤﺗ ﻦﻳﺪﻟاو ﻞﻘﻌﻟا ﺔﺼﻗﺎﻧ ﺎﻬﻧأ ﻊﻣو ﻦﻬﻨﻋ ءﺎﻨﻐﺘﺳﻻا
ﺐﻠﻃ ﻠﻋ ﻚﻟﺎﻬﺘﻟا ﻠﻋ ﻪﻠﻤﺣو ﻦﻳﺪﻟا رﻮﻣأ ﺐﻠﻃ ﻦﻋ ﻪﻠﻐﺸﻛ ﻦﻳﺪﻟاو ﻞﻘﻌﻟا ﺺﻘﻧ
دﺎﺴﻔﻟا ﺪﺷأ ﻚﻟذو ﺎﻴﻧﺪﻟا
«Бұл хадисте әйелдерге бола туындайтын бүліктің басқа кез келген бүліктен күштірек екені
меңзелген». Бұған Алла Тағаланың мына сөздері дәлел болады (мағынасы): «Адамдар үшін
әйелдерді құмарта сүю әсем көрсетілген».
Оларға деген махаббат – құмарлықтың бір түрі. Алла Тағаланың басқа құмарлықтардан емес,
әйелдерден бастаған себебі – барлық құмарлықтардың негізі сол болып табылады. Еркектің
бұрынғы әйелдерінен туылған балаларына қарағанда қазіргі әйелінің балаларын көбірек
жақсы көретіні соған дәлел. Бұл Нуғман ибн Бәширдің басынан өткен сыйлық жайлы хикаяға
ұқсайды. Кейбір данышпандар былай деген: «Әйелдің тұла бойы тұнған кесапат, ал, ең басты
кесапат –әйелдердің ақылы таяз, діні әлсіз болса да, оларды керек етпеу мүмкін еместігінде.
Олар еркектерді ақыл-ой тұрғысынан да, дін тұрғысынан да олқылықтарға толы көптеген іс-
әрекеттерді жасауға итермелейді. Бұл еркектің дүние қуып, ақыры құрдымға кетуіне әкеп


29
соғады. Бәлекеттің ең жаманы - осы».
Бұдан алдыңғы хадисте әйелдің дәрежесі, өмірде алатын орны жайлы, ізгі жолды ұстанып,
көркем мінезді бола білсе, игілікке қол жеткізетіндігі және өзгенің де игілікке жетуіне
себепкер болатындығы баяндалса, бұл хадисте, керісінше, дін талаптарына бағынбаған
жағдайда оның қандай бәлекеттердің туындауына себепкер болатындығы айтылып, көңіліне
қорқыныш ұялатады.
Сонымен қатар, «Фәтх әл-Бәриден» алынған бұл сөзде әйелдер әкелетін ең кеңінен тараған
зұлмат жайлы баса айтылған, ол – дүниеге деген қанағатсыздық. Соның нәтижесінде, сондай
жарының көңілін табамын деп, күйеуі көптеген күнәларға батады. Ондай әйел өзінің дүниеуи
игіліктері асып-тасып жатса да, әл-ауқаты өзінен төмен адамдарды жек көріп, ал, өзінен
дәулетті адамдарды көре алмағандығы себепті жақтырмайтын болады.
Еркектің нағыз еркек және отағасы екені, міне, осындай мәселелерде білінеді, олардың
үйлерінде «Анжи» жарысын немесе «Дом-2» бағдарламасын көретіндерінен емес. Иә,
отбасыңды қамтамасыз ету керек екені рас, бірақ, тоғышарлыққа салынып, дүние жинап,
ешкім қолданып қарық қылмайтын қажетсіз нәрселерді ала беру құптарлық іс емес. Солай
болуы тиіс. Бірақ, өкінішке орай, мұсылмандық ортада бәрі керісінше. Керек десеңіз, кейбір
еркектердің сәнді киімге деген әуестігі әйелдерден де асып түседі. Ал, сол киімдердің үлгісін
көбінесе анық гомосексуалистер жасайды.
Қазіргі кезде әйелдер өздерін іблістің ең айқын, адам шошырлық қаруы ретінде көрсетті.
Қалалық жерлерде көзіңді бөтен әйелдердің әуретіне қараудан сақтап қалу мүмкін емес. Әйел
денесі маркетингтің қолжетімді құралына айналды.
Мұсылман қоғамы құлдырай бастады: әлеуметтік желілер мен ұялы байланыс жас жігіттерді
де, қыз балаларды да ар-ұяттан жұрдай етті. Олар еш шімірікпестен бір-бірімен махаббат,
сүйіспеншілік жөнінде әңгіме өрбітеді. Тіпті құдайсыз кеңестік кезеңде де ондай нәрсеге жол
берілмейтін, бұл мүмкін емес-тін.
Әйелдердің «қолжетімділігі» жаппай венерологиялық ауруларға, қажетсіз жүктілікке, бала
алдыртуға, ажырасуға, қаншама шаңырақтардың шайқалуына, ерлі-зайыптылардың бір-біріне
опасыздық жасауына, кішкентай бүлдіршіндердің тағдырларының талқандалуына әкеп соғуда.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):«Өзімнен соң еркектерге әйелдерден


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет