Жиырма бірінші хадис. Той мұсылмандардың басын біріктіреді
مﺎﻌﻃ مﺎﻌﻄﻟا ﺮﺷ : ‐ ﻢﻠﺳو ﻪﻴﻠﻋ ﻪﻟا ﻠﺻ ‐ ﻪﻟا لﻮﺳر لﺎﻗ : لﺎﻗ ةﺮﻳﺮﻫ ﺑأ ﻦﻋو
ﻪﻟﻮﺳرو ﻪﻟا ﺼﻋ ﺪﻘﻓ ةﻮﻋﺪﻟا كﺮﺗ ﻦﻣو ءاﺮﻘﻔﻟا كﺮﺘﻳو ءﺎﻴﻨﻏﻷا ﺎﻬﻟ ﻋﺪﻳ ﺔﻤﻴﻟﻮﻟا
ﻪﻴﻠﻋ ﻖﻔﺘﻣ
Әбу Хурейрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған
Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ең жаман ас – байлар
шақырылып, кедейлер шақырылмайтын тойдың асы. Кім шақыруға жауап
бермесе, ол Алла мен оның Елшісіне бағынбағаны»» (әл-Бұхари мен Муслим).
37
Бұл хадис тойдың мұсылман қоғамындағы маңызды әлеуметтік рөлін көрсетеді: яғни,некенің
қиылуына байланысты әр түрлі әлеуметтік таптардың ортақ қуаныш үшін бас қосуы.
Сонымен қатар, мұнда некені құлшылықтан, яғни, қонақтарға, әсіресе, кедейлерге ас беруден
бастау керектігі меңзелген.
Қазіргі заманның жаман бидғаттарының бірі – мұсылмандардың тап-тапқа бөлінуі: байлар
өздерінің орталарында жүреді, кедейлер де өз арасында. Бұл жақсы емес, себебі, әр түрлі
таптарға жататын мұсылмандар бір-біріне бөтен болып кетеді. Дәл осы себепті де,
большевиктерге кезінде мұсылмандарды алдап-соғу мүлде қиын болған жоқ: ауқатты
мұсылман отбасыларының өздерінің кедей діндес бауырларынан алшақ болғаны сондай, олар
мал-мүліктері тартып алынып, тәркіленген кезде де аса қатты қиналмады.
Мұсылмандардың басын біріктіруде мерекелердің маңызы зор: кедей-кепшіктер мен байлар бір
дастарханның басында отырып, бір асты жегенде, ортақ мерекені тойлағанда адамдардың
жүректерінің бірігетіні сөзсіз.
Бірақ, байлар ізгі амалдарын мақтан үшін не көрсету үшін жасамаулары тиіс! Кейбіреулер
мешітті салдыруға менің ақша бергенімді бәрі көрсін деп, мешіттің алдына атын жазып қоюды
сұрап жатады. Алла сондай риямен жасалған амалды қабыл алуы мүмкін бе, өзіңіз
ойлаңызшы?!
Сол себепті, егер жас отау жаңа отбасылық өмірлерінде берекетке қол жеткізгісі келсе, Алла
Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы орасан маңызды Сүннетін ескергені
жөн.
Имам әл-Мусали«Әл-Ихтияр» кітабында былай жазады:
ةﻼﺼﻟا ﻪﻴﻠﻋ لﺎﻗ ، ﺔﻤﻴﻈﻋ ﺔﺑﻮﺜﻣ ﺎﻬﻴﻓو ﺔﻤﻳﺪﻗ (ﺔﻨﺳ سﺮﻌﻟا ﺔﻤﻴﻟوو ) : لﺎﻗ
ءﺎﺑﺮﻗﻷاو ناﺮﻴﺠﻟا ﻮﻋﺪﻳ نأ ﻪﺗأﺮﻣﺎﺑ ﻞﺟﺮﻟا ﻨﺑ اذإ ﻫو » ةﺎﺸﺑ ﻮﻟو ﻢﻟوأ : مﻼﺴﻟاو
ﺎﻣﺎﻌﻃ ﻢﻬﻟ ﻊﻨﺼﻳو ﻢﻬﻟ ﺢﺑﺬﻳو ءﺎﻗﺪﺻﻷاو
«Той – мол сауапқа кенелтетін ежелден келе жатқан сүннет. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі
мен сәлемі болсын) былай деді: «Тіпті бір қозыдан ғана [тамақ пісірсеңдер де] той жасаңдар.
[Той] дегеніміз – ер кісінің некеге тұрғаннан кейін көршілерін, жақындарын және ағайын
туыстарын шақырып, [тамақ пісіру үшін] мал сойып, оларға ас әзірлеуі»».
(مﻼﺴﻟاو ةﻼﺼﻟا ﻪﻴﻠﻋ ﻪﻟﻮﻘﻟ ) ﻢﺛأ ﻞﻌﻔﻳ ﻢﻟ نﺈﻓ ، ﺐﻴﺠﻳ نأ ﻋد ﻦﻤﻟ ﻐﺒﻨﻳو
ﻢﻟ نإو ، ﺎﻋدو بﺎﺟأ ﺎﻤﺋﺎﺻ نﺎﻛ نﺈﻓ » ﻪﻟﻮﺳرو ﻪﻟا ﺼﻋ ﺪﻘﻓ ةﻮﻋﺪﻟا ﺐﺠﻳ ﻢﻟ ﻦﻣ
ﻪﻴﻠﻋ لﺎﻗو ، ﻒﻴﻀﻤﻟﺎﺑ أﺰﻬﺘﺳا ﻪﻧﻷ ﺎﻔﺟو ﻢﺛأ ﻞﻛﺄﻳ ﻢﻟ نإو ، ﺎﻋدو ﻞﻛأ ﺎﻤﺋﺎﺻ ﻦﻳ
ﺖﺒﺟﻷ عاﺮﻛ ﻟإ ﺖﻴﻋد ﻮﻟ : مﻼﺴﻟاو ةﻼﺼﻟا
«[Тойға] шақырылған адам шақыруға жауап беруі қажет, егер жауап бермесе, күнә болады.
Бұл Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөзінен алынған: «[Тойға]
шақыруға жауап бермеген адам Алла мен Оның Елшісінің алдында күнәһар болады». Егерде
оның аузы берік болса, шақырған жерге барып, оларға дұға қылсын, аузы берік болмаса, астан
дәм татып, дұға жасасын. Ал, егер астан аузына алмаса, күнәға батады және шақырған
жердің қонақжайлылығына құрметсіздік танытып, әдепсіздік жасаған болады. Алла Елшісі
(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сендерді қойдың сирағына шақырса да,
38
шақырған жерге барыңдар»».
Әрине, харам ас, ішімдік және сол сияқты жиіркенішті нәрселер болатын тойларға бұл
айтылғандардың қатысы жоқ.
Ал, ең дұрысы Аллаға мәлім.
Достарыңызбен бөлісу: |