34
Көптеген адамдар «Бисмилләһ» деп үйіндегі адамдармен ойына келгенін істей берсе, ештеңе
болмайды, «психология деген кәпірлердің ісі» деген жаңсақ түсінікте. Бірақ, олай емес екенін
және мұсылман қоғамында ең алдымен кәсіби академиялық
білімге ие мамандарға деген
қажеттілік артып келе жатқанын тәжрибеміз көрсетіп отыр. Бірақ, сол «мамандардың» жай
ғана Карнегидің кітапшалары бойынша өткізілетін үш айлық курсты бітірулері жеткіліксіз.
Сонымен қатар, олардың білімі Ислам ақидасының ұстанымдарына және өнегелік жөніндегі
мұсылмандық түсінікке сай келуі тиіс. Осы мәселені түсінбеуге құлықсыздық танытудың
нәтижесінде дінді ұстанатын мұсылмандардың көпшілігі ажырасуда.
Бірақ, әйелдер де беймаза болмағандары жөн. Бес минут сайын «қайдасың?», «қашан
келесің?», «неге сонша ұзақ жүріп қалдың?», тағы сол сияқты сұрақтарды жаудырып,
еркектің
мазасын алмаған дұрыс. Әсіресе, егер күйеуіңіз достарының ортасында отырса немесе ол
ғұлама яки медреседе ұстаз болса, я болмаса, басқа бір лауазымды қызметте болса.
Кейбір
мұсылман халықтарда ер адам үйінен шығайын деп жатқанда әйелінің одан: «Қайда
барасың?» - деп сұрауы әбестік болып саналады. «Сені қай кезде күтейін?» - деп сұрау қажет.
Күйеуіңнің ығырын шығарып, жабыса бергеннен оның жиі қасыңнан табылмайтынын,
керісінше, үйден шығуға сылтау іздеп тұратынын әрбір әйел түсінгені жөн.
Достарыңызбен бөлісу: