Психикалық дамудың заңдары — адамның бір жастан екінші жас шағына өтудегі психологиясы мен қылығында болатын өзгерістерді, яғни ондай өзгерістердің себептерін сипаттайтын заңдылықтар. 15. Тұлға дамуының кезеңдерін атап бер ( Э.Эриксон бойынша) 1. Ерте нәрестелік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін) 2. Кейінгі нәрестелік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін) 3. Ерте балалық шақ (3-5 жас шамасында) 4. Орта балалық шақ (5 пен 11 жас аралығы) 5. Жетілу кезеңі, бозбалалық (11 мен 20 жас аралығы) 6. Ерте ересек шақ (20 мен 45 жас аралығы) 7. Орта ересек шақ (40-45 және 60жас аралығы) 8. Кеш ересек шақ (60 жастан жоғары) Тұлға дегеніміз не? «Тұлға» - психикасы белгілі бір деңгейде дамыған, өз өмір тіршілігінің кеңістігін заңды түрде қорғай алатын, дамуға бейімделген, құрылымдық деңгейлері арқылы сипатталатын әлеумет мүшесі. 16. Баланың мектепке дайын болу жағдайы бірнеше түрге бөлінеді:
Дене бітімінің дайындығы — баланың салмағы мен бойының өз жасына сай болуымен қатар он екі мүшесі сау болуы керек;
Зейінінің дайындығы — баланың ой — өрісінің, есте сақтау қібілетінің, тілінің, зейінінің, өз еркімен тапсырма орындай алуының, мақсат қоя білуінің, қателігін түсіне білу қабілеттілігінің өз жасына сай болуы;
Әлеуметтік — психологиялық дайындық баланың жаңа ортаға деген көз қарасының, оқушы жауапкершілігінің, өзін өзі ұстай білуінің, үлкен кіші адамдармен қарым қатынасының өз жасына, мектептердің талабына сай болуы;
Ерік аясының дайындығы баланың өз іс әрекетін мақсатты түрде қалыптастырып, өз кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс қабылдап, әрекет ете білуі;
17. Мектепке бару үшін баланың даму деңгейі қандай болу қажет дегенде мына төмендегі шарттарды айтуға болады:
Үлкендермен қарым қатынасы.
Құрдастарымен қарым қатынасы.
Өзін өзі бағалай білуі.
Достарыңызбен бөлісу: |