16. Ақыл-ойы кемтар тұлғалардың арнайы білім алуы Ақыл-ой кемістігі – бұл диффуздық сипатқа ие бас ми қыртысының органикалық зақымдалуымен шартталған таныс іс әрекетінің тұрақты қайтымсыз бұзылысы.
Зияты зақымдалған балаларға арналған мектептегі оқушылар құрамын практикалық мақсатта анықтау үшін дамудағы кемшіліктердің себептерін ұрық кезінде немесе ерте нәрестелік шақтағы бас миының зақымдануы және мектепке дейінгі, ерте балалық шақтағы бас миының зақымдануы түрінде екі топқа бөліп қарастырамыз. Ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балалар арнайы бағдарламалар бойынша білім алады. Арнайы мектептегі оқушылар құрамын «олигофрения» клиникалық диагнозы қойылған балалар құрайды.
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқытудың ерекшелігі мынадай белгілермен анықталады:
- қоршаған ортаны тану кезіндегі белсенділіктің төмендігі, ұмытшақтық;
- сөздік-логикалық ойлаудың төмендігінен өз ойын, пікірін, қоршаған орта туралы мінездемелерін берудегі қиындықтар;
- эмоциялық-ерік сферасының бұзылуынан мақсатқа жетудегі, өз инициативасын көтерудегі әлсіздіктер.
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі коррекциялық жұмыстар бірнеше кезеңдер қамтиды:
- 1-ші (4-7 жас) мектепке дейінгі кезең - санитарлық-гигиеналық талаптар мен моториканың дамуын анықтайды. Баланың танымдық қабілетінің дамуына, сөйлеу тілінің да-
муына, ортаға бейімделуіне көңіл бөлінеді. Бұл кезең баланы әлеуметтік бейімдеуге бағытталғандықтан, тәрбиелеу жүйесінде негізгі роль білім, дағды, іскерліктің қалыптасуына сәйкес, баланың болашақтағы білім алуы мен тәрбиесіне негізделеді.
- 2-ші кезең (8-16 жас) - өз-өзіне қызмет ету мен гигиеналық дағдыларды игеруді қорытындылау, тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыру кезеңі. Бұл кезеңде балалар қарапайым сауаттылықты, байланыстырып сөйлеуді игереді
- 3-ші кезең (16-18 жас) - әлеуметтік бейімделу кезеңі.
Ақыл-ой дамуы кемтар балаларға арнайы білім берудің мақсаты - оларды болашақ өмірге бейімдеу, еңбекке араласуға үйрету, әлеуметтік ортаға бейімдеу.
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен тәрбиелеу арнайы мектептерде жүргізіледі. Арнайы мектептерінде бала дамуындағы кемшіліктерді түзету, оларды еңбекке баулу, әлеуметтік-психологиялық оңалту жұмыстары жүргізіледі. Сыныптағы оқушылар саны – 12 бала. Оқытудың ұзақтығы 9 жылды (дайындық сыныбын қосқанда 10 жылды) құрайды. Мектепте оқытудың кезендері бірнеше кезеңдерден тұрады:
- пропедевтикалық-диагностикалық кезең (дайындық
сыныбы);
- бастауыш оқыту кезеңі -1-4 сыныптар;
- жалпы білім беру кезеңі- 5-8 сыныптар;
- әлеуметтік - еңбекке дайындықтың аяқталу кезеңі -9 сынып.
Зияты зақымдалған балалар арнайы бағдарлама бойынша оқытылғандықтан цензалы білім алмайды. Яғни оларға білім беру аттестат алуына емес, әлеуметтік бейімделуіне бағытталған. Арнаулы мектеп түлегіне игерген білімінің деңгейіне қарай мемлекеттік негіздегі құжат беріледі.