1. Дамуында ауытқулары бар тұлғаларға басты еуропалық қоғам мен мемлекеттердің қатынасының даму тарихы


Ғалым Л. Каннердің зерттеулері бойынша ерте балалар аутизмі дамуының симптомдарын үшке бөліп жіктеуге болады



бет36/36
Дата22.12.2023
өлшемі155,36 Kb.
#142805
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
арнайы пед. сессия

Ғалым Л. Каннердің зерттеулері бойынша ерте балалар аутизмі дамуының симптомдарын үшке бөліп жіктеуге болады:

  1. аутикалық көңіл-күй (қайғырулар, күйзелулер);

  2. стереотиптік қайталана беретін мінез-құлық көріністері;

  3. сөйлеу дамуының ерекше бұзылулары.

Аутизм 3-5 жаста айқын білінеді, ал ерте жастағы байқалатын белгілеріне мыналар жатады:
- аутизммен ауыратын балалар адам бетіне тіке қарамайды, олармен көз түйістіру мүмкін емес; - уақытында күліп бастағанымен, ауру баланың күлкісі ешқандай себепсіз болады; қоршаған адамдардың қарым-қатынасына мұндай баланың күлкісінің қатысы жоқ;
- қолға сұранбайды, арбада немесе манежде болғанды қалайды;
-жақын адамдарды таниды, бірақ эмоциялық қанық реакциялар көрсетпейді;
- еркелеткенді ұнатпайды немесе селсоқ жауап береді;
- дискомфортқа да (мысалы, тамақтану режимі бұзылғанда, асты су болғанда т.б.) м мүлдем көтере алмайды,
Аутизммен ауыратын балалар айналасында тұрақтылық болғанын қалайды. Үйреншікті өмір ритмі бұзылған жағдайда оларда қорқыныш, агрессия, гипербелсенділік, зейіннің бұзылуы, өз-өзіне қарсы агрессия, т.б. реакциялар байқалады. Мұны сәйкестілік немесе ұқсату феномені деп атайды
Аутизммен ауыратын балалардың ішкі дүниесінің ерекшелігіне тән тағы бір нәрсе - ол аутистикалық фантазиялар. Олардың негізгі белгілері - шын өмірден алшақтық, қоршаған ортамен әлсіз, толыққанды емес және бұрмаланған байланыстар.
Аутизммен сырқат балалардың сөйлеу ерекшеліктерін әр автор өзінше сипаттайды, бірақ олардың байқауларында бәріне ортақ белгілер бар. Олар:
- мутизм- сөйлеудің мүлдем болмауы;
- эхолалия- басқа адамның айтқан сөздерін, фразаларын қайталау;-
- сөйлеуде қаратпа сөздердің болмауы, диалог құруға қабілетсіздік
- сөйлеудің тәуелсіздігі (автономиялылығы);
- семантиканың бұзылуы (сөздің мағынасын бұрмалау);
- сөздің грамматикалық қатарының бұзылуы;
- дыбыс шығарудың бұзылуы;

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет