1. Дамуында ауытқулары бар тұлғаларға басты еуропалық қоғам мен мемлекеттердің қатынасының даму тарихы


Көруінде ауытқуы бар балаларға психологиялық – педагогикалық сипаттама



бет30/36
Дата22.12.2023
өлшемі155,36 Kb.
#142805
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
34. Көруінде ауытқуы бар балаларға психологиялық – педагогикалық сипаттама
Педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы тифлопедагогика деп аталады.
Көру қабілетінің бұзылу деңгейіне қарай олар соқырлар және нашар көретіндер болып бөлінеді. Соқырлар - көру сезімі мүлдем жойылғандар немесе тек қана жарықты сезетін, яғни көру қабілеті өте аз мөлшерде сақталғандар (сұлбаны, түсті анықтай алатындай ғана) болып бөлінеді. Нашар көретіндер - көзілдірікпен көру мүмкіндіктері 0,05-тен 0,2 диоптрий көлемінде ғана сақталған адамдар. Оларда көру функциясының басқа да кемістіктері болуы мүмкін, мысалы, түсті, жарықты айыра алмау, перифериялық немесе бинокулярлық көру, т.б.
Соқьірлық неғұрлым ерте пайда болса, согүрлым екінші деңгейдегі ауытқушылыктар тереңдей береді. Сокыр болып туған балалардың психофи- зикалық даму заңдылықтары сау балалармен бірдей, бірақ көру бағыттары- ның жоқтыгы олрдың қимыл-қозғалысына, әлеуметтік дамуына кері эсер етеді.
Соқырлар үшін ерекше багыт рөлін дыбыстар атқарады. Көру қабілетін жогалту эмоциялық-еріктік сфераның, мінез-құлықтың, сезімдік тэжірибенің өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырады. Көрмейтін балаларда ойнау, оқу, кәсіби қызметтерді игеру процестері белгілі қиындықтармен жүреді. Ересек жаст^ы көрмейтін адамдарда күнделікті түрмыстық қиындықтар көбейеді де, мұның бәрі күрделі күйзелістер мен негативті реакцияларға экеліп соқтыруы мүмкін.
Көру қабілетін кешірек жогалтқаи балалар соқыр болып туған балалардан елестету функциясының сақталуымен ерекшеленеді. Олар эрі қарай заттарды сөздік сипаттау нәтижесінде дамып отырады. Көру жойылганнан кейінгі уақытта қалған көру жадысын одан әрі дамытып отырмаса, бейнелік ойлау бірте-бірте жойылып кетуі мүмкіи. Компенсаторлық мүмкіндіктердің дамуына естудің үлкен мәні бар. Соқырға қажетті хабарларды дене сезімі де береді. Л.С. Выготский соқырларда заттарды арақашықтықтан сезуге жағдай туғызатын алтыншы сезімінің болатынын атап көрсеткен. Сөз соқырлық компенсацияның маңызды ролін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет